Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Маусымды бірге аяқтадық

«Қайраттың» негізгі құрамы Қазақстан чемпионатының күміс медалімен марапатталды.

Биылғы маусымда медаль табыстау рәсімі мен жанкүйерлермен кездесуді біріктірдік. Шара басында «Қайраттың» футболшылары алматылық клуб ұйымдастырған жанкүйерлер турнирінің үздік командаларын марапаттады.

Артынша «Қайраттың» ойыншыларын марапаттайтын сәт келді. Алматылық клубтың футболшыларына жүлделерін беруге Қазақстан футбол федерация президентінің міндетін атқарушы Сейілдә Байшақов келді. Марапаттау рәсімі ұзаққа созылған жоқ, шара орталық суретпен аяқталды.

Артынша футболшылар жанкүйерлермен әңгімелесуге кірісті. Мұндай кездесулер – «Қайраттың» игі дәстүрі. Бұл жолы ауа-райы мен қар жапқан жолға қарамастан ойыншылармен суретке түсіп, сүйікті футболшыларынан қолтаңба алу үшін келген жанкүйерлер саны аз болған жоқ. «Қайрат» сапынан кеткелі жатқан Анатолий Тимощуктің қасында үлкен кезек болды. Бұл туралы жанкүйерлердің бәріне хабарланды, ал жартылай қорғаушының өзіне барлық футболшылар мен бапкерлік штабтың қолы қойылған жейде тарту етілді. 

Жанкүйерлермен кездесу маусымды қорытындылау болып саналды. Биылғы жылы «Қайрат» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды, қиын жағдайда чемпионаттың күміс медалін еншіледі және ел Кубогының финалисі атанды.

Алда ойыншыларды аз уақыт демалыс күтіп тұр, бірақ босаңсуға ерте. Әр футболшы бапкерлік штабтан жаттығулар тізімі мен сол тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыратын арнайы құрылғыны алды. Командалардың бірінші жиыны қаңтардың басына жоспарланған. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст