Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Маусымды жеңіспен аяқтадық

«Қайрат» маусымның соңғы матчында «Ақтөбеден» басым түсті.

 

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 3:2

Голдар: Нейн (аг), 44, Гоу, 53, Аршавин, 70 – Шимкович, 60, Шимкович, 90+5

«Қайрат»: Покатилов Стас, Исаэль Барбоза, Аршавин Андрей, Гоу Жерар, Арзо Ампоста Сесар, Элек Акош, Бато Шелдон, Сүйімбаев Ғафуржан, Қуат Исламбек, Лунин Станислав, Исламхан Бауыржан (к).

Резерв: Плотников Владимир, Анене Чума Энеке Уче, Вороговский Ян, Рудосельский Тимур, Тұрысбек Бауыржан, Балтабаев Ойбек, Соколенко Александр, Әбікен Айбол, Парагульгов Магомед,

«Ақтөбе»: Сидельников Андрей (к), Муарем Муарем, Савич Душан, Шимкович Томаш, Нейн Еоне Джозеф Филс, Фог-Поррье Жереми, Колчак Кристиан, Кәкімов Асланбек, Шестаков Кирилл, Шурыгин Антон, Валиуллин Руслан.

Резерв: Отарбаев Самат, Обрадович Марко, Сәулет Ардақ, Айтбаев Берік, Зенькович Игорь, Қайыров Бағдат, Жұмағали Саят, Жүнісов Абай, Айымбетов Абат,

Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Айдын Тасыбаев (Павлодар), Александр Полуэктов (Тараз), Қосалқы төреші: Алмаз Ахметов (Алматы).

 

Премьер-лиганың 33-туры алдында тартыс өрби түскен болатын – бірден екі матчта чемпионат алтыны сарапқа салынып жатты. Кездесу Исаэльдің орындағы мүмкіндікпен басталды. Аршавиннің пасынан кейін бразилиялық ойыншы Сидельниковтан айласын асыра алмады. Кері серпілген допқа бірінші жеткен Исламханның соққысы маңдайшадан биік кетті. Келесі шабуылды да Исаэль түйіндеген, «Қайраттың» жартылай қорғаушысы алыс «тоғыздықты» көздеген, бірақ доп бағананың қасынан өтті.

 

Матчтың бірінші таймы аяқталар тұста Исаэльдің бұрыштан асырған добын Нейн өз қақпасына соғып алды.

 

Ойынның екінші жартысы да алматылықтарда болды. 53-минутта Жерар Гоу айып алаңының ішінде Электен пас алды, форвард шабуылды әдемі голмен аяқтады – 2:0. 7 минуттан соң, Шимкович есеп айырмасын қысқарта алды – 2:1.

 

Мұндай есеп «Қайратқа» ұнаған жоқ және Аршавин есепті тағы да еселеді – 3:1. Матч соңында Шимкович ойынның нүктесін қойды – 3:2. «Қайрат» жеңіске жетіп, 2017 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст