Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Маусымның соңында

«Қайрат» чемпионаттың соңғы матчында Батыс Қазақстаннан келетін клубты қабылдауға дайындалып жатыр.

 

Алматылық және ақтөбелік клубтардың жанкүйерлері үшін бұл командалардың матчтары ерекше саналады. Биылғы маусымда бұл ұжымдар екі рет кездескен: чемпионаттың алғашқы матчында «Қайрат» қонақтарды минималды есеппен ұтқан болатын – 1:0. Ал сырт алаңда ақтөбеліктерге қарсы ойында өте ауыр, бірақ маңызды жеңіске қол жеткізді – 1:2. Кезекті матч та қызықты болмақ, командалар маусымды көңілді нотада аяқтамақ.

 

«Ақтөбе» - Ақтөбе қаласының кәсіпқой футбол клубы. 1967 жылы құрылған. Тарихта ақтөбеліктердің атауы бірнеше рет өзгерген. Ал «Актюбинец» болып басталып, кейін «Ақтөбемұнай», «Ақтөбе-Ленто» атанды.  Қазір бәріне белгілі «Ақтөбе». Батысқазақстандық клубтың өз алаңындағы матчтарын 12800 адам сыятын Қобылданды батыр атындағы стадионда қабылдайды.

 

Құрамда кімдер бар?

 

Маусымның басында «Ақтөбе» сапын көптеген шетелдік футболшылар толықтырған, жанкүйерлер олардан жоғары нәтижелер күтті. Командамен бірге чемпионатты украиналық маман Игорь Рахаев бастады. Бірақ маусым барысында командадан ақтөбелік жанкүйерлердің үмітін ақтамаған бас бапкер де, көптеген жаңа ойыншылар да кетіп қалды.

 

Қазіргі таңда, команданы тізгінін бәріне белгілі Владимир Мұханов ұстайды, ол бұрын «қызыл-ақ түстілерді» үш рет ел чемпионы қылған болатын. Команда көшбасшыларының бірі Муарем Муарем саналады, македониялық футболшыны ақтөбеліктер жақсы көреді және ол Мұхановтың қолындағы басты көзірлердің бірі саналады.

 

Пікірлер қандай?

 

«Ақтөбе» маусым бойы түрлі қиындықтарға ұшыраса да, келесі маусымда Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды. Әрине, «Қайрат» чемпиондық жарыста мүмкіндігін көбейту үшін, кезекті үш ұпайын олжалауға тырысады.

 

Не күтеміз?

 

«Сары-қара түстілер» Астанада жеңіске жеткен соң Қазақстан чемпионатындағы тартыс соңғы  турға дейін жалғасады. Премьер-лиганың 33-ші туры өте қызық болатыны анық және «Ақтөбеден» 3 ұпай алу «Қайраттың» жағдайын жақсартады, бірақ соңғы турда бәрі олардың қолында емес.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст