Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Ордабасыға» бес гол

«Қайрат» «Ордабасыны» осы маусымда төртінші рет жеңді.

«Қайрат» - «Ордабасы» - 5:1

Голдар: Гоу, 7, 55, Аршавин, 64, Парагульгов, 67, Анене, 90+3 – Нұрғалиев, 48

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Елдос Ахметов, Александр Соколенко, Исламбек Қуат, Акош Элек, Магомед Парагульгов, Андрей Аршавин, Исаэль, Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Владимир Плотников, Бауыржан Исламхан, Ойбек Балтабаев, Тимур Рудосельский, Чума Анене, Рашид Люхай, Айбол Әбікен

«Ордабасы»: Рамиль Нурмухаметов (Қ), Абдулай Диакате, Александр Симчевич, Никита Бочаров, Кирило Ковальчук, Оливер Петрак, Рохер Каньяс, Таңат Нөсербаев, Азат Нұрғалиев, Темірлан Ерланов, Еркебұлан Тұңғышбаев

Қосалқы құрам: Алмат Бекбаев (Қ), Александр Гейнрих, Кайрат Әшірбеков, Бекзат Бейсенов, Ұлар Жақсыбаев, Мардан Төлебек, Бақдәулет Қожабаев, Санат Жұмаханов

Алаңнан қуылды: Соколенко, 85

Шымкенттіктерге қарсы соңғы төрт кездесуде «Қайрат» қарсыласын үш рет жеңген болатын. Бүгінгі матчта күтпеген оқиға болмады, «сары-қара» түстілер үш ұпай еншілей алды.

Ойын Жерар Гоудың голымен басталды. Андрей Аршавин ивуар шабуылшысына тамаша пас асырған, соңғысы қорғаушыны алдап өтті де, допты қақпада тулатты. Гол жібергеніне қарамастан қонақтар қарқынын азайтпай, стандарттар орындады.

Бұрыштамадоптардың бірінде шымкенттіктер таразы басын теңестіруге жақын болған, бірақ есеп өзгермеді. Ойын қос команданың алма кезек шабуылдарымен өте берді.

Ойынынң екінші жартысында Азат Нұрғалиев стандарттан командасына гол алып келді – 1:1.

Бірнеше минуттан соң Аршавин мен Гоу әдемі комбинация ұйымдастырды. Нәтижесінде ивуар форварды командасын тағы да алға шығарды – 2:1.

Артынша матч алматылық команданың бақылауымен өтті. Андрей Аршавин 64-минутта басымдықты ұлғайтты – 3:1. Үш минуттан соң Парагульков өз командасының тағы бір голын соқты – 4:1. Кездесудің аяғында Соколенко алаңнан қуылып, командасын он ойыншымен қалдырған. Оған қарамастан, «Қайрат» бесінші голын соғып, сенімді жеңіске жетті.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст