Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

«Орталықтағы» мереке

«Қайрат» 2017 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының алғашқы іріктеу матчында сенімді жеңіске жетті.

«Қайрат» - «Атлантас» - 6:0

Голдар: 21, Гоу, 26, Аршавин (пенальти), 30, Иличевич, 42, Аршавин, 50, Гоу (пенальти), 73, Иличевич

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Акош Элек, Сезар Арзо, Ян Вороговский, Михаил Бакаев, Георгий Жуков (30, Иличевич), Исламбек Қуат, Андрей Аршавин (К) (66, Тұрысбек), Исаэль, Жерар Гоу (73, Анене)

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Ойбек Балтабаев, Елдос Ахметов, Айбол Әбікен

«Атлантас»: Микелониш Дейвидас (Қ), Гаспутис Витас (Фридрикас, 69), Верещак Юрий, Казлаускас Донатас (88, Ракаускас), Бенета Маркас, Разиунаш Юстас, Чиофу Андрей, Андроник Давид, Жарскис Эдгарас, Лабукас Тадас

Қосалқы құрам: Александров-Ридли Эван (Қ), Норвилас Довидас, Юска Симонас, Филипавичус Рокас

Ескертулер: 80, Илиевич - Бенета, 67

Сөзсіз, маусымдағы алғашқы еурокубоктық матч алматылық футболшылар үшін шамалы толқыныс берді. қарсыластардың түрлі деңгейіне қарамастан, «сары-қара» түстілер ұзақ уақыт бойы литвалық қонақтардың қорғанысын бұзып жара алмады.

Алғашқы 20 минутта қазақстандықтар қонақтардың қорғанысынан саңлау іздеумен болды. 21-минутта Жерар Гоу өте ыңғайсыз сәттен соққы жасап үлгерді де, матчтың есебін ашты – 1:0. Кейінгі он минут толығымен біздің футболшылардың басымдығымен өтті.

25-минутта Андрей Аршавин капитан ретінде он бір метрлік айып соққысын орындап, өз командасының басымдығын ұлғайтты. Араға төрт минут салып, Иво Иличевич Георгий Жуковтың орнына шықты да, алғашқы шабуылында-ақ гол соқты – 3:0.

Таймның аяқталуына аз уақыт қалғанда Андрей Аршавин дубль авторы атанды – 4:0. Командалар үзіліске осындай есеппен кетті.

Ойынның екінші жартысында кездесудің бас төрешісі Омар Пашаев «Атлантас» қақпасына екінші пенальтиді белгіледі. Оны «Қайраттың» шабуылшысы Жерар Гоу дәл орындады.

Бір қызығы, «Орталық» стадион көрермендері бұл матчта үш «дубль» тамашалады. Өз командасының алтыншы, өзінің екінші голын Иво Иличевич соқты – 6:0. Кездесу аяқталғанша «Қайрат» допты өз бақылауында ұстады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст