Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қоржында үш ұпай

«Қайрат» өз алаңында қостанайлықтардан басым түсті.

«Қайрат» - «Тобыл» - 2:0

Голдар: Гоу, 4, Барбоза, 79

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Сесар Арзо, Елдос Ахметов, Исламбек Қуат, Акош Элек, Магомед Парагульгов, Исаэль Барбоза, Андрей Аршавин, Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Тимур Рудосельский, Ойбек Балтабаев, Айбол Әбікен, Чума Анене, Рашид Люхай, Бауыржан Исламхан

«Тобыл»: Дмитро Непогодов (Қ), Артурас Жулпа, Фернандер Кассай, Эгон Вух, Аздрен Ллуллаку, Ванче Шиков, Дидар Жалмұқан, Дмитрий Мирошниченко, Альмир Мухутдинов, Григорий Сартаков, Алексей Щеткин

Қосалқы құрам: Сұлтан Бусурманов (Қ), Нұрбол Жұмасқалиев, Рауль Джалилов, Тимур Жақыпов, Марк Гурман, Амер Бекич

Ескертулер: Сүйімбаев, 69

Қостанайлық «Тобылға» қарсы матчтан қазақстандық футболдың жанкүйерлері арасында қашанда қызығушылық шақыратын. Жексенбілік матч та солай болды, себебі екі команда да жеңіс үшін ойнады.

«Тобылдықтардың» үмітін Жерар Гоу соққан гол сөндіріп тастады: Андрей Аршавин қапталдан қонақтардың айып алаңына еніп, ивуар форвардына дәл пас қалдырды, соңғысы мүлт кетпеді – 1:0. Бұл гол екі командаға да әсерін тигізді, қонақтар үшін бұл күтпеген гол болса, сары-қара түстілер алға ұмтылуға асықпады.

Таймның аяғында Акош Элек жойқын соққы бағыттаған, бірақ доп қақпадан сәл биік кетті. Артынша командалар үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысындағы алғашқы минуттарда ойын өзгерген жоқ. Кездесудің 55-минутында Исламхан Парагульковтың орнына шықты.

Артынша «Тобыл» Покатилов қақпасына қысым жасауды бастады: қонақтар жүз пайыздық екі мүмкіндікті жіберіп алды, ал «Қайрат» қауіптің жақындағанын сезіп, қостанайлықтар қақпасына қысым жасады.

79-минутта Қостанайдың қорғанысы сыр беріп, Исаэль Барбоза допты қарсыласының қақпасында тулатты – 2:0.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст