Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Павлодардағы ауыр матч

Павлодардағы матч команда үшін ауыр өтті.

«Ертіс» - «Қайрат» - 1:1

Голдар: Фонсека, 23 – Гоу, 29

«Ертіс»: Давид Лория (Қ), Карлос Фонсека, Стефан Живкович, Беко Фофана (88, Бугаев), Марио Маслач, Милош Стаменкович, Владислав Огиря, Руслан Есімов, Аслан Дарабаев, Павел Шабалин (79, Попов), Дамир Даутов

Қосалқы құрам: Никита Калмыков (Қ), Серікбол Қапанов (Қ), Батыр Құдайбердинов, Павел Баркунов, Мирас Төлиев, Арман Смаилов

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Александр Соколенко (46, Рудосельский), Шелдон Бато, Сесар Арзо, Елдос Ахметов, Исламбек Қуат, Акош Элек (87, Анене), Андрей Аршавин, Магомед Парагульгов, Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Ойбек Балтабаев, Айбол Әбікен, Артур Шушеначев, Рашид Люхай

Ескертулер: Есімов, 40, Огиря, 73 – Ахметов, 47

Алаңнан қуылды: Ахметов, 47

Павлодардағы алдыңғы матч та шамамен осындай сценарий бойынша өткен еді. Біздің командада осымен қатарынан екі матчта ойыншы қуылып отыр.

Ойынның алғашқы минуттары қарқынды бола қойған жоқ, командалар қарсыластың қақпасына сақтықпен барды. Артынша алаң иелері екі қауіпті қарымта шабуыл ұйымдастырды, соның бірінде Фонсека допты Плотников қақпасының бағанасына тигізді. 20-минуттарда алматылықтар басымдықты өз қолдарына ала бастады, бірақ 23-минутта Фонсека матчтың есебін ашып кетті.

Араға бар болғаны 5 минут салып, Аршавин мен Гоу дуэті әдемі комбинация ойнады: нәтижесінде ресейліктің пасынан кейін ивуар шабуылшысы гол соқты.

Таймның аяғына таман алаң иелері алға ұмтылды. Сондай шабуылдардың бірінде Елдос Ахметов Фофананы құлатып тастады, сөйтіп, екі сары қағаз алғаны үшін алаңнан қуылды.

Ойынның екінші жартысында «сары-қара» түстілер сапында ойыншы алмасты – Тимур Рудосельский командаласы Александр Соколенконың орнына шықты. Осылайша, алматылықтар үш қорғаушымен ойнауға көшті.

Артынша ойын жабық түрде өтті, командалар тек арасында ғана қарсылас қақпасынан саңлау іздеуге тырысты. Сондықтан, матч осы есеппен аяқталды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст