Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Премьер-лига клубтары өкілдерінің онлайн-конференциясы өтті

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының кеңсесінде Лиганың басшылық құрамы мен Премьер-Лига клубтары өкілдерінің қатысуымен онлайн-конференция өтті.

Болашақ маусымның күнтізбесі, оған байланысты пікірлер мен сұрақтар алғаш рет интерактивті формада клубтардың басшыларымен талқыланды. 

Конференция барысында 2017 жылғы күнтізбенің бірнеше үлгілері ұсынылды. Дискуссиядан кейін нақты күнтізбе бекітіліп, жарық көреді. 

Қазақстан намысын еурокубоктық додаларда қорғайтын клубтар – «Астана», «Қайрат», «Ертіс» және «Ордабасы» үшін болашақ маусымның басында қосымша күндер қарастырылған. Олар еурокубоктық ойындар өтетін жазғы уақытта командаларды жеңілдену үшін арналған. 

Қазақстан Кубогының финалын облыс орталықтарының бірінде өткізуге оң жауап берілген. Басқа маусымдарға қарағанда, осы жылы шешуші ойын маусым аяқталғанға дейін өткізілмек. Бұл шешім клубтардың жарысқа қызығушылығын арттыру үшін қабылданған. 

Кездесу барысында Қазақстан футбол федерациясының Құрамалар департаментінің басшысы Ғани Қайназаровтың 26 наурыз күні өтетін Арменияға қарсы ойынға сәтті дайындалу мақсатында клубтарға бірнеше ұсыныс жасады. 

2017 жылғы күнтізбе жайлы сұрақтардың шешімін ҚКФЛ жақында қабылдайды.

ҚКФЛ

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст