Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Сүйімбаев – «Ақжайықпен» матчтың үздік футболшысы

Қорғаушы оралдық клубпен кездесуде ең нәтижелі ойыншы болды.

 

Премьер-лиганың 31-тур матчында үздік атанды, «сары-қара» түстілер бұл турда оралдық «Ақжайықты» қабылдаған. Алматылық «Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ғафуржан Сүйімбаев Instat нұсқасы бойынша матчтың үздік ойыншысы болды. Қорғаушының еншісінде 260 Instat Index ұпай бар. Екінші орынды Чума Анене мен Стас Покатилов бөліп тұр – 243.

 

Сондай-ақ, Ғафуржан дәл пастардың көрсеткіші бойынша үздік болды – ол командалас әріптестеріне 60 рет сәтті пас берген. Чума Анене «Ақжайық» қақпасына жасалған соққылар бойынша көш бастап тұр: норвегиялықтың  еншісінде 3 соққы және оның біреуі дәл барды.

 

Шабуылшы жеңген жекпе-жектер көрсеткіші бойынша да үздік атанды – Анененің еншісінде 12 ұпай. Қарсылас көбіне «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинге қарсы ойын тәртібін бұзған – «Ақжайық» ойыншылары ресейлікті 4 рет құлатқан. Матч бойы ең көп жүгірген Исламбек Қуат – оның көрсеткіші 11 302 метрді құрады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст