Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Сәтті бастадық

Бүгін Алматыдағы «Орталық» стадионда алматылық «Қайрат» үшін Қазақстан Премьер-лигасы бастау алды, алғашқы матчта алаң иелері ақтөбелік қонақтарды қабылдады. Ақтөбеліктерге қарсы ойындар қашан да маңызды болатын, сондықтан бүгін бірінші минуттан ойын қызық өтті.

5-ші минутта Исаэль бұрыштамадобын орындаған, оны Бакаев түйіндеуге дақын болды – Сидельников өз командасын құтқарып қалды. Қарымта шабуылда Альмейда допты өзінен алыстатып алды, Покатилов допқа ұмтыла бергенде бразилиялық футболшы аяғымен тіке ұшып, дөрекі ойнады. Бақытымызға орай, Стас ойынға қайта оралды.

22-минутта Исаэль допты бағанаға тигізді: Исламханнан кейін бірге ұйымдастырған айып соққысы қауіпті шықты, бірақ Сидельников кейін серпілген допты қайтара алды.

Ойынның бірінші жартысы аяқталар тұста Гоудың қонақтар айып алаңына асырған пасынан соң Исаэль қақпаға соққы жасады – Сидельников тағы да командасын құтқарып қалды. Матч есебі осылай қалып, командалар үзіліске тең кетті.

Екінші таймда «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе бір ойыншы алмастырды: Андрей Аршавиннің орнына команданың жаңа ойыншысы хорват Иво Иличевич шықты.

Қонақтар қорғаныста сенімді ойнады, алматылық ойыншыларға ұзақ уақыт бойы қорғаныс шебін бұзу қиындық тудырды. Тек 64-минутта ғана бұрыштан әуелеген допты Гоу басымен қақпада тулатты – 1:0. Алты минуттан соң Шестаков әуелеген допты қақпаға бағыттаған, алайда Покатилов орнынан табылды.

Кездесудің 79-минутында екі ойыншы алаңға шықты: қонақтар сапында Кәкімов Алмейданың орнына шықты. Ал «Қайрат» құрамында Георгий Жуков команданың капитанын алмастырды.

Алаңға шыққан Жуков бірден алға ұмтылды. Гоу допты Жуковқа қалдырған, соңғысы бірден соққы жасады – бірақ қорғаушылар орнында.

Кездесудің аяғында Вороговский Исаэльдің орнына шықты. Нәтижесінде, «Қайрат» минималды жеңіске жетті – 1:0.

«Қайрат» - «Ақтөбе» - 1:0

Голдар: Гоу, 64

«Қайраттың» құрамы: Стас Покатилов (В), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Елдос Ахметов, Михаил Бакаев, Ойбек Балтабаев, Бауыржан Исламхан (К) (Жуков, 79), Андрей Аршавин (Иличевич, 46), Исаэль (Вороговский, 88), Жерар Гоу;

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В), Олег Грубов, Ян Вороговоский, Ермек Қуантаев, Бауыржан Тұрысбек, Иво Иличевич, Мадияр Райымбек, Георгий Жуков;

«Ақтөбенің» құрамы: Сидельников (В), Кассиано, Джуниор Барбоса Жуниньо, Олександр Воловик, Папа Гуйе, Иури Соуза Мамуте (Кәкімов, 79), Рафкат Аслан, Бауыржан Байтана, Дамир Даутов, Кирилл Шестаков, Антон Шурыгин

Қосалқы құрам: Самат Отарбаев (В), Олександр Ермаченко, Ардақ Сәулет, Әбілхан Әбдукәрімов, Берік Айтбаев, Игорь Зенькович, Рахымжан Розыбакиев, Асланбек Кәкімов

Ескертулер: Шурыгин (33), Покатилов (90+4)

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст