Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Сандар мен дәйектер: «Қайрат А»

Назарларыңызға команданың 2017 жылдағы статистикасын ұсынамыз.

 

Қайраттықтар Бірінші лига чемпионатында 24 матч өткізді: 11 рет олар жеңіске жетсе, 7 рет тең тарқасты және 6 рет ұтылып қалды – еншісінде 40 ұпай және турнир кестесінші 3-ші позиция. Алматылық команда сапында 39 футболшы өнер көрсетті.

 

Айта кетерлік жайт, командада айқын бомбардир жоқ – маусымда 3 гол. Осынша голды бірнеше ойыншы соғып шықты: Әнуар Жағыппар (18 ойын), Айбол Әбікен (16 ойын), Магомед Парагульгов (11 ойын), Мохамед Конате (12 ойын), Арман Нүсіп (6 ойын) және Бауыржан Тұрысбек (7 ойын). Ал команданың үздік ассистенті Рашид Люхай, оның еншісінде 7 нәтижелі пас бар.

 

Статистикаға сүйенер болсақ, «Қайрат А» матчта орта есеппен 50% уақытта допқа иелік еткен.

 

Толық статистика мынадай:

 

Соққылар (дәл): 13 (4.7)

 

Қарсыластың фолдары: 17

 

Пастар: 413

 

Шешуші пастар: 13 (6-ы дәл)

 

Айып алаңына пастар: 29 (12-і дәл)

 

Жекпе-жектер: 187

 

Алдау әдістері: 33

 

Допты тартып алу: 39

 

Голдар (соғылған/жіберілген): 38/27

 

Айырмашылық: +11

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст