Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Седрик Гогуа – «Қайраттың» ойыншысы

Қорғаушы енді негізгі командада өнер көрсетеді.

 

«Қайрат» футбол клубы Седрик Гогуамен келісім-шартқа отырғанын хабарлайды. Келісім-шарт екі жылға жасалған, кейін тағы бір маусымға көбейтуге болады.

 

Седрик Гогуа
Туған күні: 10 шілде, 1994 жыл
Азаматтығы: Кот-д’Ивуар
Бойы: 190 см
Салмағы: 84 кг
Позициясы: қорғаушы

 

Седрик ивуар футболының түлегі саналады, Буна қаласындағы «Сабе Спорт» клубында футболмен айналыса бастаған. 2010 жылы «Африка Спорт» клубында өнер көрсетіп, Кот-д’Ивуар чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Артынша, бір маусымын «Иссиа Вази» клубында өткізіп, финляндиялық СИК сапына ауысты. Чемпионат қорытындысы бойынша лиганың үздік қорғаушысы атанды. Командамен бірге Седрик келесі жылы Финляндия чемпионы болды.

 

2017 жылдың шілдесінде алматылық «Қайрат А» командасымен келісім-шартқа отырып, Бірінші лигада 7 гол өткізді және 1 гол соқты. Алдағы маусымнан бастап Гогуа клубтың негізгі құрамында ойнайды. Келісім-шартқа 2+1 жүйесі бойынша қол қойылды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст