Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Сергей Савченков: «Қайраттың» ойыны ұнады»

«Атлантас» командасында бас бапкердің қызметін атқарушы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында «Қайрат» - «Атлантас» (6:0) ойынын қорытындылады:

- Біз үшін ауыр ойын. «Қайрат» командасының деңгейі бізге қарағанда басқаша екені анық байқалды. «Қайрат» қарқынды бастады, біз төтеп беруге тырыстық. Бірінші гол, кейін пенальти ойынды бұзып жіберді. Әрине, ауыр ойын болатынын білгенміз, бірақ біз үшін ең үлкен мәселе матч алдында негізгі құрамдағы бес ойыншымызды жоғалтып алғанымыз болып тұр. Олардың орнына ойыншы қою қиын, көбі жңа позицияда ойнады, бірақ бұл «Қайраттың» еңбегін жоққа шығарғаным емес. Олар бүгін тамаша ойнады. Олар шабыттанып ойнады, мұндай жағдайда, осындай алаңда, осындай жанкүйерлер алдында ойнау тамаша ғой. Ойын «Қайрттың» тарапынан өте тамаша болды.

- Мұндай нәтиже күттіңіз бе?

- Жоға, әрине, кел келген команда алаңға жеңу үшін шығады. Бірақ, тағы да айтайын, командада үлкен өзгерістер болып жатыр. Негізгі құрамның бес ойыншысы кетіп қалды. Жаңа футболшыларды енді алып жатырмыз. Ал команда бір күнде ғана құрылмайды ғой, тіпті, бір ай  емес. Ал «Қайратқа» қарсы тұру үшін футболшылар өзара ойнап үрйнеуі тиіс. Кей ойыншылар физикалық тұрғыда дайын болмады. Сондықтан осындай нәтиже.

- Қалай ойлайсыз, осындай ойынмен «Қайрат» топтық кезеңге өте ала ма?

- Бар айтарым, «Қайратты» ойыны маған ұнады. Ойыны қойылған екен.

- Сіз кезінде Ленинградта ойнадыңыз. Андрей Аршавиннің ойыны қалай?

- Андрей Аршавин – өте жоғары деңгейлі ойыншы. Бұл «Қайрат» үшін де жақсы, эпизодтарды шешіп кетуі мүмкін. Мұндай ойыншылар үшін жанкүйерлер де матчқа келеді, мұндай ойыншылар қызықты болады. Сондықтан, оның қимылдары жігіттер үшін күтпеген  жайт болды. «Қайрат» мұндай ойыншыны алғаны үшін бақытты деп ойлаймын.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст