Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Шелдон Бато: «Астанамен» матч барлық үмітті ақтады»

«Қайраттың» орталық қорғаушысы Шелдон Бато «Астанаға» қарсы сенімді жеңістің қатысушысы болды, матчтың нәтижесі бойынша алматылық команда өз қақпасына гол жіберген жоқ. Шелдон клубтың баспасөз-қызметіне берген сұхбатында ойын туралы өз пікірін айтты.

- Ойын барлық үмітті ақтады деп ойлаймын. Матчта қобалжу көп болды. Ойын басталысымен, оның қиын болатынын білдік.

Әр ойында қорғаныстың басты мақсаты өз қақпасын «құрғақ» сақтау, бұл ойында сол тапсырманы орындадық. Оларға мүмкіндіктерді аз беру керек екенін білдік, себебі олар өздеріне қатты сенеді. Өз кезегімізде, біздің қорғаныс «Қайрат» шабуылшыларының жеке сапалары жоғары екенін, әр ойында гол соға алатынын біледі.

Енді «Ақтөбеге» қарсы соңғы матч күтіп тұр, біз «Астанадан» бір ұпайға қалып тұрмыз. Соңғы нәтижелерге көңіліміз толады, бірақ бәрі артта алды, енді өз алаңымызда өтетін финалдық матчқа дайындалуымыз керек. Мұндай ойындар біздің неге футбол ойнап жүргенімізді көрсетеді, сондықтан, біз дайын боламыз. Маусымның соңғы матчында бар күшімізді саламыз!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст