Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Станимир Стоилов: «Өзіміздің футболымызды таба алмадық»

«Астананың» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы ойымен бөлісті.

 

- Біз бүгін чемпиондық тағдырын шешуді ойлап едік, бірақ, өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Ойыншылар допқа иелік еткенде үлкен қысымның астында қалды. Допты әдеттегідей бақылауда ұстай алмадық. «Қайратта» голға дейін де мүмкіндіктер болды. Стандарттан гол жіберу қашан да ауыр болатынын айтқанмын. Қобалжу әдеттегіден көп болды, себебі басымдыққа ие болдық, жақсы ойнадық, бірақ шабуылда ойын жүрмеді. Бірінші голдан кейін ойынды ұйымдастыруды жоғалтып алдық, одан да үлкен есеппен ұтылуымыз мүмкін еді.

 

- Логвиненконың жағдайы туралы айтып өтсеңіз.

- Ол мұрнын сындырып алғанға ұқсайды. Алдағы екі ойынға қатыса алмайды.

 

- Соңғы төрт матчта «Қайратқа» үш рет жол беріп, бір рет тең түстік. Неге «Қайратты» ұта алмай жүрміз? Психологиялық тұрғыда кедергі бар ма?

- Білесіз бе, бұрын оларды ұтатын едік. Бүгін де сондай сәт болды, бірақ, өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Сенімділік жетіспеді деп ойлаймын. Голға дейін олар ерекше ештеңе істей алмады, бірақ біз де олардың қақпасынан саңлау таба алмадық. Шабуылда нашар ойнадық, бізге шешім табу керек болатын. Егер қандай да бір қателіктер кетсе – бұған бапкер кінәлі, осының бәрін мен өз мойныма аламын. Бірнеше өзгерістер енгізуіміз қажет еді. Бірақ өзіміз ойнауымыз тиіс футболымызды таба алмадық. Қашан да өз алаңымызда көретін өзімнің сенімді командамды бүгін байқай алмадық. Мүмкіндіктер болды, 0:0 кезінде де тең ойын еді, бірақ шабуылда ештеңе жасай алмады.

 

- Соңына таман «Қайрат» «Астанадан» жылдам болды. Неге?

- Оларда қарымта шабуылда мүмкіндік болды. Гол жіберіп алған соң, біз өз-өзімізді жоғалтып алдық және ұйымшылдық болған жоқ. Мұндай жағдайда, алаңда тәртіп жоғалатын болса, мүмкіндіктер қарсыласта пайда бола бастайды. Біз күнтізбеде көп ойнаймыз және осының кесірінен ұтылдық деп айту оңай. Бірақ бұлай атқым келмейді. Үлкен қысымның кесіренен ұйымшылдықты жоғалтып алдық – егер мұндай жағдай босла, бәрі бітті.

 

- Шымкентке екінші құрамды апару қателік болды деп ойламайсыз ба?

- Біз бірінші құраммен де, екіншісімен де жеңіліп қалуымыз мүмкін едік. Стратегия бойынша, біз қашан да өз жоспарымызды құрамыз, жылдам сайын солай. Бірақ биыл ойдағыдай болмады. Бәрін бүгін істеп, чемпион боламыз деп ойладық.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст