Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Стойчо Младенов: «Соңына дейін күрестік»

Назарларыңызға «Қайсар» бас бапкері Стойчо Младеновтың матчтан кейінгі пікірін ұсынамыз.

- Жақсы ойын өткіздік деп ойлаймын, бірінші тайм біз үшін екіншіге қарағанда жақсырақ болды. Екінші таймда көп нәрсе ойымыздағыдай болмай, қарымта шабуылда ойнадық. «Қайрат» жеңіс үшін бәрін істегенін білеміз. Біздің команда да жарады, соңына дейін күресті.

- Екінші таймда ойындарыңыздың жүрмеу себебі – «Қайраттың» екі ойыншыны алмастыруынан ба?

- Иә, солай деуге де болады, әр адам өз көзімен көреді ғой, футболды түсінгені бойынша қарайды. Біздің команда жақсы футбол көрсетті деп ойлаймын, бірақ олардың қолдарынан бұдақ да жақсысы келеді. Әрине, 1:1 – заңды есеп.

- Младенов мырза, бүгін қызылордалық жанкүйерлердің қолдаулары сезілді ме?

- Оларға үлкен рахмет, әр ойын сайын бізді қанаттандырып отырады, Алматыға осынша көп адамның келгеніне қуаныштымын. Бұл «Қайсарға» үлкен қолдау деген сөз. Әр ойын сайын осылай ойнауға тырысамыз.

- Мынадай орыс мақалы бар – «Тәбет тамақ ішерде келеді». «Қайсар» Қазақстанда бірінші орынға таласып жатыр, маусымға жоспар қандай? Әр ойын сайын команданың сенімділігі көтеріліп келе ме? Ойынға қандай нұсқау берілді және ойыншылар оны орындады ма?

- Білесіз бе, «Қайраттың» қазір нешінші орында келе жатқаны мені қызықтырмайды. Әр ойын сайын осылай ойнағанымызды қалаймын. Нешінші орын алатынымызды маусым соңында көре жатармыз. Иә, талабымыз үлкен, тамаша ойыншыларымыз бар, командамыз да жақсы. Маңыздысы –бұл «Қайсардың» жылы, тұрақтылық көрсету қажет. Ойын бойынша, бәрі бойынша тұрақтылық. Команда мен клубтың ұйымшылдығы. Келесі жылы бұдаұ да жақсы ойнайтынымызға сенімдімін. 

Қазір матчтан матчқа ойнап жүрміз. Көбіне келесі ойынды қалйа өткізу жайлы ойлаймын. Нұсқау сіздер көргендей болды. Өз алаңымызда не сыртта ойнап жатқанымыз маңызды емес – ұпай жинау қажет. Маңыздысы осы. Биылғы жылы командалар толық жинақталған және бәсекелестік жоғары болады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст