Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Төрт те бір

«Қайрат» өз алаңында қарағандылықтарды тас-талқан етті.

«Қайрат» - «Шахтёр» - 4:1

Голдар: 1, Гоу, 36, Исламхан, 39, Гоу, 82, Тұрысбек - 86, Стоянович

«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ), Ғафуржан Сүйімбае, Акош Элек (69, Арзо), Елдос Ахметов, Ян Вороговский, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Исламбек Қуат, Исаэль (10, Аршавин), Иво Иличевич, Жерар Гоу (72, Тұрысбек)

Қосалқы құрам: Стас Покатилов (Қ), Тимур Рудосельский, Михаил Бакаев, Ермек Қуантаев, Ойбек Балтабаев, Чума Анене

«Шахтёр»: Игорь Шацкий (Қ), Милан Стоянович, Марко Станоевич, Владислав Васильев, Михаил Габышев, Сергей Скорых, Айдос Тәттібаев (69, Аллегрия), Дәуренбек Тәжімбетов, Евгений Тарасов, Марат Шахметов, Руслан Әлімбаев (52, Өміртаев)

Қосалқы құрам: Ярослав Багинский (Қ), Кадио, Айегбуси, Вячеслав Путинцев, Ринат Хайруллин

Ескертулер: 31, Жуков

Бұл командалар арасындағы алғашқы матч алматылықтар үшін өте сәтті болған еді (4:1), сондықтан бүгін де көп гол күтілді. Оның үстіне, қарағандылық командада Андрей Финонченко бапкерлік қызметті атқарды.

Кездесудің 38-ші секундында Жерар Гоу есеп ашты. Ивуар форварды осы маусымдағы ең жылдам голдардың бірін соққан болар. Он минуттан соң Исаэль өз орнын әріптесіне қалдыруға тура келді, «Орталықтың» көрермендері мұндайды күтпеген сыңайлы.

Алғашқы гол «кеншілерге» сенімділік бергендей.

Бірақ соған қарамастан 36-минутта Исламхан есепті еселеді, «Қайрат» есепті 2:0-ге жеткізді. Екі минуттан соң Жерар Гоу дубль авторы атанып, таблодағы көрсеткішті ірі есеп қылды. Бұл матчта басымдыққа қол жеткізіп алған алматылықтар матчты асықпай жалғастыра берді.

Аршавин мен Иличевич өз командасының төртінші голын соғуға жақын болған. Қарымта шабуыл кезінде ресейлік ойыншы қапталда жалғыз тұрған Ивоға пас асырды, соңғысының соққысы сәл қиыс кетті.

Соңғы он минуттықта Иво Иличевич шамамен он бір метрден соққы жасады, допты Тұрысбек қақпаға туралап жіберді. Ал кездесу аяғында Стоянович есеп айырмасын қысқартты – 4:1.

Осылайша, «Қайрат» қарағандылық қонақтарды тас-талқан етіп, кезекті үш ұпайын алды.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст