Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Тағы да тең есеп

«Қайрат» 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерін қабылдады.

Алматылық жанкүйерлер үшін «Ертіс» қашан да қызықты әрі мықты қарсылас саналатын, сондықтан матчтың әсерлі өтетіні сөзсіз еді. «Сары-қара» түстілер алдыңғы матчта қызылордалық «Қайсармен» тең түскендіктен, қонақтарды жеңуге міндетті болатын.

Матчтағы алашқы мүмкіндік 10-минутта, Исаэль алыстан Давид Лорияның қырағылығын тексеріп көрді. Бірнеше минуттан соң сол позициядан Батори де тепкен – бірақ тағы да Давид өз командасын құтқарып қалды.

Екінші жиырмаминуттықта Иво алаң ортасындағы әдемі пастан соң айып алаңына еніп, баспен соққы жасаған, бірақ қапталдағы төреші жалаушасын көтерді.

Таймның аяғына таман павлодарлықтар алғашқы бұрыштама добына ие болды – Родриго Антонионың алыстан жасаған соққысы биік кетті. Командалар үзіліске дейін есеп аша алмады.

Екінші тайм ауысыммен басталды: Ермек Қуантаевтың орнына алаңға Чума Анені шықты.

Ысқырықтан үш минуттан соң бұрыштан доп әуелеп, қонақтардың айып алаңында Жарко Маркович оған бірінші жетті – 1:0. Матчтағы ең қауіпті шабуыл Исаэльде болған шығап – айып алаңына әуелеген допты бразилиялық футболшы қақпада тулатуға жақын болған, алайда Лория шеберлігін көрсетті.

Қонақтар уақыттың басым бөлігін қорғаныста өткізді. Қарымта шабуылдардың бірінде «Ертіс» Плотников қақпасының маңынан айып соққысын жасауға мүмкіндік алды – Владимир орнынан табылды. Бірақ келесі сәтте қонақтар Воротниковтың көмегімен таразы басын теңестіре алды – 1:1. «Орталық» стадионда кезекті рет тең түстік.

«Қайрат» - «Ертіс» - 1:1

Голдар: Маркович, 48 – Воротников, 80

«Қайраттың» құрамы: Владимир Плотников (В), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Ермек Қуантаев (Анене, 46), Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан (К), Иво Иличевич (Иличевич, 65), Исаэль, Жерар Гоу (Ахметов, 78)

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Ян Вороговский, Бауыржан Тұрысбек, Ойбек Балтабаев, Георгий Жуков, Акош Элек

«Ертістің» құрамы: Давид Лория (В) (К), Руслан Есімов, Лаша Двали, Илья Воротников, Евгений Ткачук, Стефан Живкович, Родриго, Казбек Гетериев, Аслан Дарабаев, Карлос Фонсека, Серж Бандо (Джедже, 64);

Қосалқы құрам: Никита Калмыков, Павел Шабалин, Беко Исмаэль Фофана, Арман Смаилов, Пиралы Алиев, Нұрбол Жұмасқалиев, Артем Попов, Илья Калинин

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст