Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Таразда тең тарқастық

Алматылық футболшылар еліміздің оңтүстігіне былтырғы маусымда ала алмай кеткен үш ұпайын еншілеп қайтуға келген. Осымен, қатарынан үшінші маусымда алаң иелері қайраттықтарды жасанды алаңы бар «Ұлан» стадионында қабылдап жатыр.

Бірінші минуттан «Қайрат» футболшылары басымдыққа ие болды. Алдымен, Гоу соққы жасаған, алайда доп қақпадан сәл биік кетті. Келесі сәтте Ғафуржан Сүйімбаев алыстан соққы бағыттап көрген – доп Бабахановтың қолынан табылды.

Кездесудің 13-минутында Аршавин мен Арзо сары қағаздан алып шықты.

Алаң иелері көп шабуылдаған жоқ. Тек 23-минутта ғана Мәрханов Мориске пас әуелеткен, бірақ длпқа бірінші Покатилов жетті. Бірінші таймның аяғында Зайтутдинов алыстан соққы жасады – Покатилов тағы да орнында, бұл алаң иелерінің алғашқы соққысы болатын.

Нәтижесінде командалар үзіліске тең есеппен кетті – 0:0.

Ойынның екінші жартысын екі команда да өзгеріссіз бастады. Екінші таймдағы алғашқы қауіпті мүмкіндік 58-минутта ғана болды. Әуелеген допты Тұрысбек қақпада тулатқан, алайда төрешілердің ойыншының офсайдта қалғанын көрсетті.

Ойындағы тыныштықты қауіпті екі мүмкіндік бөлді: Аршавиннің орнына шыққан Жуков сол қанаттан соққы жасады – алаң иелерін маңдайша құтқарып қалды. Аз уақыттан соң Исламхан да сол жерден соққы бағыттады – бұл жолы да доп маңдайшаға тиді. Цхададзе Тұрысбекті ауыстырып тастады – оның орнына «Қайраттың» жаңа ойыншысы Чума Анене шығып, дебютін өткізді.

7-минутта алаң иелері есепті ашуға жақын қалды. Максим Фещук алыстан соққы бағыттады. Покатилов кері қайтарған, бірақ допқа бірінші болып тараздықтар жетті, алайда бұл жолы да Стас орнынан табылды.

Соңғы минуттарда «Қайрат» Бабаханов қақпасынан саңлау табуға тырысты, бірақ «Тараз» бүкіл команда болып қорғанды. Осылайша, «Ұланда» 0:0 есебі тіркелді.

«Тараз» - «Қайрат» - 0:0

Ескертулер: Аршавин (13), Арзо (13), Тұрысбек (56) – Диарра (56)

«Қайрат»: Стас Покатилов (қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Исламбек Қуат, Акош Элек, Бауыржан Исламхан (к), Андрей Аршавин (Жуков, 62), Исаэль (Иличевич, 75), Жерар Гоу, Бауыржан Тұрысбек;

Қосалқы құрам: Олег Грубов, Ян Вороговский, Михаил Бакаев, Ермек Қуантаев, Ойбек Балтабаев, Иво Иличевич, Чума Анене, Мадияр Райымбек, Георгий Жуков;

Бас бапкер: Кахабер Цхададзе

«Тараз»: Джурахон Бабахаев (қ), Мохамед Диарра, Максим Фещук,Евгений Шипицин, Жан-Эд Морис, Бактиер Зайнутдинов, Нұртас Кургулин (к),Мақсат Әмірханов, Антон Молтусинов, Абзал Таубай, Жақып Қожамберді (Азовский, 90+4);

Қосалқы құрам: Владимир Логиновский (в), Әділет Кеңесбек, Бекзат Шадманов, Гаврил Кан, Мадияр Нұралы, Құрмет Қараман, Тимур Байжанов, Максим Азовский, Ардақ Қарпық;

Бас бапкер: Ваит Талғаев

Бас төреші: Денис Измайлов (Талдықорған)

Төрешінің көмекшілері: Юрий Тихонюк (Ақтөбе), Ғалымжан Айжігітов (Қызылорда)

Қосалқы төреші: Александр Полуэктов (Тараз)

Матчтың инспекторы: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст