Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Тарихтағы күн: Теміржолшылар Кубогының мерейтойлы жеңісі!

Осыдан тур 45 жыл бұрын алматылық клуб маңызды трофейге қол жеткізді.

1971 жылы «Қайрат» Қазақстан бойынша клубтық футболдың ең ірі халықаралық табыстарының біріне қол жеткізді. Алматылық клуб Халықаралық теміржолшылар спорттық одағының Кубогын жеңіп алған алғашқы кеңестік команда атанды.

Бұл турнирді алматылықтар кошицалық «Локомотивті» (Чехословакия) жеңумен бастады - өз алаңында 4:1 және қонақта 1:0. Артынша қайраттықтар софиялық «Славияға» (Болгария) өз алаңында жол берді - 1:3, алайда қонақта ірі есеппен жеңісті жетті - 3:0. Осылайша, олар финалға шығып, бухаресттік «Рапидпен» (Румыния) күш сынасты.

Бухарестте өткен алғашқы ойын тең аяқталды - 1:1. Теміржолшылар кубогы финалының қарымта матчы 12 қарашада Алматы уақытымен 19:00-де басталды. Ойынға қиынға соқты, бірақ қайраттықтар өз алаңында 32 мың жанкүйерлердің алдында минималды есеппен жеңіске жетті - 1:0.

1971 жылдағы «Қайрат»:
Виктор Шведков, Құралбек Ордабаев, Евгений Кожемяко, Валерий Степанов, Валентин Дышленко, Александр Жуйков, Сейілдә Байшақов, Владимир Асылбаев, Юрий Мусин, Николай Быков, Борис Ищенко, Кәрім Оспанов, Вячеслав Костенко, Олег Долматов, Евгений Михайлин, Сергей Рожков, Валерий Круглыхин, Фарид Хисамутдинов, Владислав Маркин, Бауыржан Баймұхамедов, Нұрлан Атантаев, Михаил Тягусов, Юрий Севидов, Владимир Чеботарев, Валентин Солдатов, Виктор Абгольц, Виктор Евлентьев, Евгений Пиуновский, Александр Почтаре.

Бас бапкер: Корольков Виктор Георгиевич
Команда басшысы: Есімбеков Сайлаубек Есімбековұлы
Бапкер: Болотов Владимир Сергеевич 
Физ.дайындық бапкері: Гроховский Валентин Александрович 
Әкімгер: Черненко Дмитрий Павлович 
Дәрігер: Хрисохоиди Георгий Христофорович.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст