Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Тең есеп тіркелді

«Қайрат» чемпионаттағы шағын үзілістен соң өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдады.

Бұл кездесу қызыққа толы болатыны анық еді, себебі еліміздің оңтүстігінен келген қасқырлар тоғыз ұпай жинап, чемпионатта көш бастады. Алматылықтарға міндетті түрде үш ұпай алу керек еді, себебі олар чемпионаттың басында екі рет тең түскен болатын.

Алғашқы гол көп күттірген жоқ. Кездесудің 9-минутында Жерар Гоу гол соғып, алматылықтарды алға шығарды – 1:0.

Матчтың 32-минутында Исаэль жойқын соққымен Исламқұловтың қырағылығын бір тексеріп алды – қонақтардың қақпашысы орнында. Келесі шабуылда қонақтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, соққы жасады – Плотников өз командасын құтқарып қалды.

Қонақтар бірнеше минуттан соң таразы басын теңестіре алды: Мақсат Байжанов айып алаңында әдемі соққымен допты алыс бұрышқа жіберді. Артынша ойында мүмкіндіктер болмай, командалар үзіліске тең есеппен кетті.

Ойынның екінші жартысы бірден ауысыммен басталды: Андрей Аршавиннің орнына Иво Иличевич, Бауыржан Исламханның орнына Георгий Жуков шықты.

Жаңа ойыншылардың шығуымен қайраттықтардың ойыны өзгерді. Ұзақ уақыт бойы «Қайрат» шабуылдады, алайда Исламқұлов қақпасынан саңлау таба алмады.

«Сары-қара» түстілер тағы да алға шығатын мүмкіндікке ие болған, Гоу дубль жасауға жақын еді, алайда доп бағананың қасынан өтіп кетті. Артынша Исламқұлов допты өз қақпасына кіргізіп алғандай көрінді, алайда арбитр басқаша пікірде екен.

75-минут Иличевичтің айып соққысымен есте қалды: хорват допты айналдыра тепкен, бірақ сәл қиыс кетті.

Нәтижесінде «Орталық» стадиондағы ойын тең аяқталды – 1:1.

«Қайрат» - «Қайсар» - 1:1

Голдар: Гоу, 9 – Байжанов, 35

«Қайраттың» құрамы: Владимир Плотников (В), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Ермек Қуантаев, Акош Элек (Анене, 89), Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан (К), (Жуков, 46), Андрей Аршавин (Иличевич, 46), Исаэль, Гоу

Қосалқы құрам: Стас Покатилов, Ян Вороговский, Елдос Ахметов, Михаил Бакаев, Бауыржан Тұрысбек, Ойбек Балтабаев, Иво Иличевич, Чума Анене, Георгий Жуков

«Қайсардың» құрамы: Марсель Исламқұлов (В), Владимир Аржанов, Иван Граф, Джон Камара, Матиас Курьор (Нтибазонкиза, 71), Абдель Ламанж, Стефан Николич, Ілияс Әмірсейітов, Мақсат Байжанов (К), Дмитрий Евстигнеев, Думан Нәрзілдаев (Коробкин, 78).
Қосалқы құрам: Антон Цирин, Олжас Алтаев, Саиди Нтибазонкиза, Евгений Горячий, Валерий Коробкин, Жамбыл Көкеев, Алексей Мулдаров, Валентин Чуреев, Руслан Сахалбаев.

Ескертулер: Аршавин, 23, Арзо, 82 – Аржанов, 56

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст