Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Қуаныш Қабдолов: «Атырау» өзін аутсайдер санамайды»

«Атырау» бас бапкерінің қызметін атқарушы Қазақстан кубогының финалына арналған матч алдындағы баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап берді:

 

- Ойыншылардың жағдайы қалай? Жарақаттанғандар бар ма?

- Балық футболшылар дайын. Жарақаттанғандар жоқ, бәрі жоспар бойынша жаттығып жатыр.

 

- Жаңа Карлос Алос командалардың мүмкіндіктері бірдей деді...

- «Қайрат» қазақстандық футболдағы көшбасшылардың бірі екенін білеміз. Біздің мүмкіндігіміз бірдей деп ойлаймын. Біздің командамыз жеңіс үшін ойнайды.

 

- Матчтың Ақтөбеде өтетіні басымдық бере ме?

- Ең бірінші басымдық, Ақтөбе Атырауға жақын. Біздің көптеген жанкүйерлеріміз матчқа келуді жоспарлап отыр.

 

- Негізгі уақытта жеңгіңіз келе ме, әлде пенальти сериясында ма?

- Матчты негізгі  құрамда аяқтағымыз келеді, бірақ пенальти сериясына да дайындалдық.

 

- Бір ойынға кез келген команда жиналуы мүмкін. Кейін командаға чемпионатта қиын болады деп ойламайсыз ба?

- Біздің бар ойымыз ертеңгі матчта. Кейін қиын болады деп ойламаймын. Қазір біз қандай жағдайда екенімізді бәрі түсінеді. Бар күшімізді саламыз.

 

- Сіздер қазір жоғары дивизионда қалу үшін таласып жатырсыздар. Бірақ кубоктың финалына аутсайдер шықты. Неге бұлай болды? Қалай ойлайсыз?

- Барлық клубтар маусым басында кубокты ұтып алуды мақсат қылды. Мүмкін кей клубтар бұл мәсеге басқаша қараған шығар. Біз өзімізді аутсайдер санамаймыз. Жартылай финалдық ойындар кезінде турнир кестесі басқаша болды.

 

- Сіздер үшін Кубок маңызды ма, чемпионат па?

- Дәл қазір біз кубокты ұтып алу деген мақсат қойып отырмыз, артынша чемпионаттың қалған матчтарын ұтып алуға тырысамыз.

 

- Сәттілік үшін қырынған жоқсыз ба?

- Қырындым (күліп).

 

Дереккөз: kazfootball.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст