Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Вахид Масудов: «Шабуылды аяқтау кезінде шеберлік жетіспейді»

«Ақжайық» командасының бас бапкері «Қайратқа» (2:1) қарсы матчтың нәтижесі туралы ойын айтты.

 

- Шабуылды аяқтау кезінде шамалы шеберлік жетіспей қалады деп айта аламын. Біз әр ойында бірнеше мүмкіндік жасаймыз, бірақ соны пайдалана алмай қаламыз. Бірақ жігіттер кез келген жағдайда барын салып ойнайтынына көңілім толады. Олар қарсыласқа қарамай, алаңға шығып, футбол ойнайды. Тығылмай, жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады.

 

- Аренастың ойыны ұтады, бірақ ол алдыңғы шепте де жақсы ойнайтындай көрінді?

- Бұл туралы онымен сөйлесеміз. Ол бәрін тамаша түсінеді, бірақ тілін білмесең, адамға бір нәрсе түсіндіру өте қиын. Жалпы, оның потенциалы жоғары. Ол бұдан да жақсы ойнай алады деп ойлаймын.

 

- Оралда жанкүйерлермен жағдай қалай? Ол жақта футболды жақсы көре ме?

- Иә, білесіз бе, Оралда қарапайым жанкүйерлерді айтып кете аламын. Ол футболға келеді, футболды жақсы көреді және команданы жақсы қолдайды. Бұл тұрғыда бізде қиындық жоқ, жанкүйерлердің назарында екенімізді сезінеміз!

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст