Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Вячеслав Грозный: «Нәтижеге көңілім толмайды»

«Ертістің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтты.

 

- Осы матчтан кейін өз алаңымыздағы алдыңғы матчтардан кейін жақсырақ әсер алдым. Нәтиже бойынша да, ойын сапасы бойынша да солай. Үзілістен кейін бір ай өтті, ойыншылармен бір-бірімізге үйрендік, олар талапты көбірек орындап жатыр, бұл қалыптасқан жағдай. Шымкентте де, қазір де солай болды. Бүгін тактикалық тұрғыда ойынды дұрыс қойдық, себебі «Қайрат» көрсеткен футболды ойнау – мүмкін емес. Олар бізге қарағанда допты жақсырақ ұстайды, ойыншылардың деңгейі жоғары. Аршавин, Гоу, Исаэль – бір өзі кез келген қорғаушыны алдап өте алады. Шеберлік деңгейлері өте жоғары.

 

Бүгін бізде құбылмалы орталық ойыншылар жүйесі болды, комбинациялық сақтана ойнау жүйесі, олар өте қиын. Ол маған алдыңғы клубарымда нәтиже берген болатын. Қорғаныстан шабуылға өту кезде дұрыс сәтті тауып, шабуылдайшы ойыншылардың жылдам ойнауға мүмкіндікті табу керек болды, бүгін нәтижеден басқаның бәріне көңілім толады. Себебі ойын жүріп жатты, жеңіске жетуіміз керек еді. Бірнеше ойынға жетіп артылатын мүмкіндіктер  ұйымдастырдық. Ал бұл «Қайратқа» қарсы ойында – «Астанамен» бірге жоғары орындарға таласып жүрген топ-клубқа қарсы матчта.

 

Бұл ойыншылар үшін үлкен тәжірибе болды, бірақ кез келген жағдайда, футболшылардың көзқарастарына көңілім толады.  Көп сәттерде дұрыс ойнады. Иә, футболдағы сәттілік пен жаңа леп жоқ. Ол бізге қажет еді, өкінішке қарай, сәттілік «Қайраттың» жағында болды. Қарсыластың аз ойыншымен қалғанын сұрар болсаңыздар, үзілісте олар үш орталық қорғаушымен ойнайтынын және шабуыл шебінде ештеңе өзгермейтінін, алаңда сол ойыншылар қалатынын айтқан болатынмын. Себебі бұл екі не бес минут ішінде ойыншылардың көп екенін пайдалатындай хоккей емес. Біз асығыс таныттық, допты ұзағырақ ұстау керек еді, әрине, күш жетпей қалды. Бұған дейін біздің негізгі құрамдағы төрт ойыншымыз түрлі себептерге байланысты ойнамағанын ешкім айтқан жоқ. «Қайратта» да сондай жағдай болғанда, бүгін бізге оңайырақ болар еді.

 

Кез келген жағдайда, жігіттерге рахмет. Бізде құрамда күшейтетін ешкім болмады, қосалқы құрамда жас футболшылар болды. Бүгін біз күрестік, тырыстық, бірақ нәтижеге көңілім толмайды. Егер матчқа дейін біз «Қайратпен» тең түсеміз деп айтса – мен тамаша болар еді дер едім. Ал бірақ матчтан кейін ойынның қалай өрбігенін, бізде қанша мүмкіндік болғанын қарар болсақ, жеңіске жетуіміз керек болатын.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст