Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Вяцис Лякевичус: «Қайрат» барлық жағынан мықты команда»

«Атлантастың» бас директоры Вяцис Лякевичус матч алдындағы баспасөз-мәслихатында Еуропа лигасы іріктеуіндегі алғашқы матчтан не күтетінін айтты.

- Қайырлы кеш, баршаңызды көргеніме қуаныштымын. Осындай турнирдің бар екеніне қуаныштымын. Біз секілді кішкентай елдер үшін еуропалық турнирлерге қатысып, түрлі елдерге баруымыз қуантатын жайт. Осындай жақсы деңгейде ойнайтынымызға қуаныштымыз, чемпионатта мұндай жоқ қой. Литвалық футбол ақырындап көтеріліп келеді, бірақ біз футбол елі емеспіз, көп назар баскетболға беріледі. Кеңес одағы тараған соң, бізде орыс халқы көптеп қалып қойды. Қазақстанда біздің бір футболшымыз бар, біздің қашан келетінімізді сұрап тұрады.

«Қайрат» - барлық тұрғыда мықты команда: ойыншылары да, бюджеті де, басқалары бойынша да. Сіздерде бар мықты ойыншыларға қарсы шығу бізге ынта береді.

- Біз баспасөз-мәслихаттарында бас бапкерді көріп үйренгенбіз, ал бүгін бас директор келді. Неге?

- Иә, бұл сұрақты күткенмін. Қазір бізде бас бапкерге қатысты қиындық туып жатыр. Әзірше бізде бапкер жоқ, оның қызметін қазір Сергей Саченко орындап жүр. Бұған дейін төрт жыл бойы бізде Константин Сарсания жұмыс істеген, қазір «Зенитке» қызметін ауыстырды. Қазір бос орын бар, кандидаттар да жетеді, бірақ Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне дейін тауып үлгермедік. Сондықтан, қазір сұрақтарыңызға менің жауап бергеніміз дұрыс.

- «Қайратты» зерттедіңіздер ме?

- Бұл бапкерлік штабтың жұмысы, олар әрине зерттеді, сіздердің командаларыңызды менен көрі жақсы біледі. Айтуларынша, «Қайрат» мықты команда, жақында тағы бір ойыншымен күшейгенін білеміз. Бізде ешкім оңай матч күтіп жүрген жоқ, «Қайратқа» да оңай болмайды.

- Қарсыластың қай тұсы мықты деп ойлайсыз?

- Әлсіз тұсын көріп тұрған жоқпын. Біздің чемпионатпен салыстырғанда, сіздерде оған көзқарас Литваға қарағанда күштірек. Бірақ бізге бюджетке, ойыншыларға, олардың есімдеріне қараудың қажеті жоқ – қажеті ойнау. Бапкердің кетуімен біздің жетекші үш ойыншымыз да кетіп қалды. Панюков «Зенитке» ауысты, жас футболшы, жақсы ойнайды. Бірақ біз осында келдік және ойнауға дайынбыз.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст