Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Владимир Мұханов: «Футболшылар қаймыға ойнады»

«Ақтөбенің» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы ойын айтты.

 

- 3:2 есебі жанкүйерлерге жақсы әсер еткен болар, бірақ, менің көзқарасым бойынша екі команда да қорғаныста өте көп қателік жіберді. Бұндай қателіктер түрлі көңіл көншітпейді. Біз ойынды дұрыс бастай алмадық, ойынның басында өзара 2-3 пас жасай алмай жаттық. «Қайрат» та бірнеше қауіпті шабуыл жасады.

 

Артынша, ойын түзеліп, біз «Қайраттың» шабуылдарына шабуылмен жауап қаттық. Тамаша шабуылды пайдалана алмадық. Бірінші тайм соңында біз өз-өзімізге гол соқтық... Бұл жерде позиция бойынша талқылау керек: Нейннің ол жерде тұрмауы керек еді, айқын қателік. Екінші таймда бізге турнирлік нәтиженің керегі жоқ, еркін ойнаңдар деген секілді сөздер айтып, жігерлендіруге тырыстық. Бірақ қаймыға ойнады.

 

«Қайраттың» беделі ойыншыларға психологиялық әсер етті – өз-өздеріне сенімсіз ойнады. Нақты білмеймін, бірақ үшінші гол офсайдтан соғылған секілді, қайта қарау керек. Үшінші голдан соң «Қайрат» қарқынын бәсеңдетіп, бізде пас алмасуға мүмкіндік болды. Есеп бәрін айтып тұр – «Қайрат» мықты болды, оларды бүгінгі жеңіспен, Кубокты жеңіп алғандарымен құттықтаймын. Оларды күміс жүлдемен құттықтау қиын деп ойлаймын (күледі), бірақ олардың болашағы әлі алда.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст