Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Владимир Муханов: «Қорғаныста тығыз ойнау жоспарын таңдадық»

Көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері Владимир Муханов «Қайратқа» (2:2) қарсы кездесу жайлы пікірін айтты:

- «Қайрат» үшін бұл кезекті жәй ғана матч болды. Қарсылас команда қалай дайындалғанын білмеймін, бірақ бұл анықталар сәт болды. Себебі кезекті рет жаңа команда құрылды, былтырғы командадан алты-ақ ойыншы қалды.

Ойын туралы айтар болсақ, әрине, техника мен жылдамдық «Қайрат» жақта. Допқа басымдық жасамай, қорғанысты тығыз орналсып, мүмкіндігінше шабуылға бару жоспарын таңдадық. Көп нәрсені орындай алдық. Тек стандарттан ғана гол жібердік қой. Сенімдірек ойнадық, бірнеше мүмкіндік болғаны рас. Бізде де мүмкіндіктер болды, бірақ бүгінгі күнде ойыншылар тобында өзара түсінісу жоқ, осы жағынан жұмыс істейміз енді. Ешкімнің салы суға кетпегені қуантады. Қарсыластың ойыншысы алаңнан қуылуған кезде төрт қорғаушыға ауыстым.

- Алдыңғы шепте бір нәрсе жетіспеді ме?

- Сізбен келісемін. Козлов пен Федин ортаңғы шептің ойыншылары, шабуылшы емес, алайда жақсы форвард таба алмадық. Генков ұзақ уақыт бойы ауырды, ақырындап өз қалпына келеді деп үміттенеміз.

- Даиров жөнінде ойыңыз қалай?

- Ол жақсы тыңдайды: команданың қалй ойнайтынын біледі. Мен қашан да доппен ойнауды алға тартамын, ол мұны «Қайратта» үйренді, бірақ негізгі құрам ойыншысы болған жоқ. Енді оған ерік берілді.

- Қандай нәтиже күткен едіңіз?

- Ойымда нәтиже жақсы болатын. Неге? Себебі бұл маусымның басы, бәрі өз орындарына қойылмаған. «Қайраттың» «Ақтөбеге» қарсы матчын көрдік, бәрінің де өз мәселелері бар. Нұсқауды 70-80 пайызға орындадық.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст