Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Жеңіс дәмі

Алматылық «Қайрат» сырт алаңда өткен матчта қарағандылық «Шахтерді» сенімді жеңді.

Ойындағы алғашқы қауіпті мүмкіндік бесінші минутта болды, бұрыштама доптан соң Исаэль соққы жасады – Шацкий бәрін бақылауда ұстады.

7 минуттан соң Исаэль өз мүмкіндігін пайдалана алды. Бразилиялық футболшы қорғаушының артынан соққы жасады – 0:1. Артынша матч сценарийі, тіпті, қызық бола бастады. Таймның 17-ші минутында Жерар Гоу есепті еселеді. Қапталдан асырылған допты ол қақпада тулатты – 0:2.

Араға екі-ақ минут салып, Гоу дубль авторы атанды: алаң иелерінің айып алаңына енер тұста ивуар форварды қанжығасын майлады – 0:3. Алаң иелері бірнеше шабуыл ұйымдастырды, солардың бірінде Маркович өз айып алаңына жақын тұста ойын тәртібін бұзып, сары қағаз алды. Ал «кеншілердің» стандарты нәтиже бермей, командалар үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысы «Шахтер» ойыншыларының шабуылдарымен басталды, бірақ таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Көп ұзамай, Гоу қарағандылықтар қақпасына тағы гол соқты – шабуылшы хет-трик жасады – таблода 4:0.

77-минутта «Шахтер» Өміртаевтың көмегімен есеп айырмасын қысқарта алды – 1:4. Артынша ойында қауіпті шабуылдар болған жоқ.

Нәтижесінде, көптен күткен үш ұпай – «Қайраттың» жеңісі 1:4.

«Шахтер» - «Қайрат» 1:4

Голдар: 77, Өміртаев - 12, Исаэль, 17, 19, 65 Гоу

«Шахтер»: Игорь Шацкий (В), Юлиус Сзоке, Борис Кадио, Кореде Айебуси, Стэфан Зошак (59, Хайруллин), Марко Станоевич, Алессио Аллегрия, Михаил Габышев, Сергей Скорых (68, Өміртаев), Дәуренбек Тәжімбетов (65, Тәттібаев), Евгений Тарасов (К);

Қосалқы құрам: Ярослав Багинский, Айдос Орал, Владислав Васильев, Ильнур Мангуткин, Марат Шахметов, Руслан Алимбаев.

Бас бапкер: Алесей Еременко

«Қайрат»: Стас Покатилов (В), Ғафуржан Сүйімбаев (68, Вороговский), Жарко Маркович, Сесар Арзо, Исламбек Қуат, Акош Элек, Михаил Бакаев, Иво Иличевич (59, Жуков), Бауыржан Исламхан (К), Исаэль (73, Ахметов), Жерар Гоу;

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (В), Елдос Ахметов, Ермек Қуантаев, Бауыржан Тұрысбек, Ойбек Балтабаев, Андрей Аршавин, Анене Чума.

Бас бапкер: Кахабер Цхададзе

Ескертулер: 82, Сзоке - 30, Маркович

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст