Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Жерар Гоу: «Біз – бір отбасымыз»

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы павлодарлық «Ертіске» қарсы матчтан кейін баспасөз-қызметінің сұрақтарына жауап қатты.

- Бұл ойын біз үшін оңай болған жоқ. Біз жеңіске жетуге тырыстық, мұнда үш ұпай үшін келген болатынбыз, бірақ рефери қызыл қағаз көрсетіп, біздің ойыншымызды алаңнан қуды. Артынша бізге қиынға соқты. Бірақ соған қарамастан, біздің команда мықты екенін айта аламын, біз өз ойынымызды әр матчта көрсетуге тырысамыз.

Иә, бұл гол мен маусымдағы 22-ші болды, бірақ ол мен үшін әш мәнге ие емес. Қашан да айтамын, әр ойында, әр сәтте гол соққым келеді. 22 гол соқтым ба не өз рекордымды бұздым ба – мүлдем маңызды емес. Ең маңыздысы – менің командам әр матчта жеңіске жеткенін қалаймын. Иә, егер рекорд жаңарса – жаман емес, бірақ «Ертіспен» ойынның есебі – 1:1, сондықтан, бұл жағдайда қатты қуаныштымын деп айта алмаймын.

Біз бір команда ретінде жұмыс істейміз, бір команда болып жанталасамыз. Біздің қандай мықты болғанымызды көрдіңіздер, бір – бір отбасымыз. Командадағы атмосфера тамаша.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст