Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Жерар Гоу: «Бізге жанкүйерлердің қолдауы маңызды»

Алматылық «Қайраттың» шабуылшысы сауалнама қорытындысы бойынша қыркүйекте Премьер-лиганың үздік ойыншысы атанды. Форвард басылыммен өз әсерлерімен бөлісті.

- Жерар, Sports.kz сауалнамасында жеңіске жетіп, ҚПЛ-дың қыркүйектегі үздік ойыншысы атануыңмен құттықтаймыз! Биыл сіз біздің интернет-порталымыздың нұсқасы бойынша ай лауреаты болдыңыз. ҚПЛ-да ойнау қиынырақ болып  кетті ме?

- Иә, лига жыл сайын күшейіп келеді. Мұнда ойнау қиынырақ.

 

- Қыркүйекте сіздің клубтасыңыз Андрей Аршавин де жарқын ойын көрсетті. Қалай ойлайсыз, ненің арқасында командалас әріптесіңізді таптыңыз?

- Андрей Аршавин – тамаша ойыншы. Бұл футболшының мансабы тамаша болды, «Арсеналда», «Зенитте» ойнады, қазір бізге жеңіске жетуге көмектесіп жүр. Ол маған шабуыл кезінде қорғаушыдан сытылып өтуді, ойын мәнерін оқуды, шабуылды аяқтау бойынша көп нәрсе үйретті. Андрей командаға және маған көп көмектеседі – соның арқасында мен үздік атана алдым.

 

- Қазіргі таңда сіз ҚПЛ-да 22 гол соқтыңыз, оның бесеуін қыркүйекте салдыңыз. Маусымның соңына дейін тағы қанша гол соғуды жоспарлап отырсыз?

- Көп соғуды жоспарламаймын – әр ойында жеңіске жеткім келеді. Команданың ұтқанын тілеймін, жеке өзіме қойған мақсаттарым жоқ. Командаға қажет болатындай көмектескім келеді, өз мүмкіндіктеріді пайдалануға тырысамын. Нақты бір көлемде гол соғу деген мақсат жоқ.

 

- Бірнеше күннен соң «Қайрат» Қазақстан кубогының шешуші матчында «Атыраумен» кездеседі. Сіздің командаңыз және өзіңіз үшін бұл жүлде қаншалықты маңызды?

- «Атырауға» қарсы финал қиын болғалы тұр. Қарсыласымыз – жақсы команда, олар бар күштерін салып, тиянақты ойнауға тырысады. Бізге де жақсы ойын өрнегін көрсету қажет, жеңіске жету үшін ұжым болуымыз керек. Қазақстан кубогында жеңіске жету мен үшін және менің командам үшін өте маңызды.

 

- Қалай ойлайсыз, жаңа бас бапкер Карлос Алостың келуі командаңа жаңа серпіліс берді ме?

- Иә. Жаңа бас бапкер келгелі біз жақсы ойнап жүрміз – ол бізге, жас жігіттерге сенеді, көп көмектесіп жүр. Жеке тұлға ретінде де жақсы адам.

 

- Қазақстандық футболсүйер қауымға айтарыңыз бар ма?

- «Қайраттың» жанкүйерлеріне әр ойынға келетіндері үшін рахмет айтқым келеді. Стадионда бізді көп жанкүйер қолдайтынын көремін. Бұл қолдау біз үшін маңызды және бізге жеңіске жетуге көмектеседі.

Мұнда жанкүйерлер тамаша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз тобында соңғы орын алса да, осындай жанкүйерлерінің арқасында қазақстандық ұжым міндетті түрде күшейе түседі.

 

Дереккөз: sports.kz

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст