Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Клуб

Жерар Гоу – Премьер-лиганың үздік сұрмергені

«Астанаға» қарсы ойынның алдында алматылық клубтың шабуылшысы марапатталды.

«Қайраттың» ивуарлық шабуылшысы 2016 жылғы маусымда 22 гол соқты. Гоу осымен қатарынан екінші рет Чемпионаттың үздік сұрмергені атанып отыр. 2015 жылы да Жерар 22 рет қанжығасын майлаған еді.и

Алматыда өткен Қазақстан Республикасы Кубогының финалы алдында Гоу ҚКФЛ президенті Бағлан Ергешовтен Чемпионаттың үздік голеодоры жүлдесін алды.

Сұрмергендер жарысында екінші орынды павлодарлық «Ертістің» шабуылшысы Роман Мұртазаев (18 гол) еншіледі.

Гоудың клубтасы, «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан қарсылас қақпасын 17 рет дәл көздеді.

Айта кетейік, былтырғы маусымда шабуылшылардың үздік үштігі мынадай болған еді: Гоу (22 гол), Савич (14 гол), Деспотович (13 гол).

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст