Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Ақтөбедегі жеңіс

«Қайрат» «Ақтөбеден» үш ұпаймен оралды.

«Ақтөбе» - «Қайрат» - 1:2

Голдар: Шестаков, 50 — Гоу, 29, Жуков, 77

«Ақтөбе»: Андрей Сидельников (Қ), Олександр Воловик, Муарем Муарем, Томаш Шимкович, Джозеф Нейн, Слободан Симович (Жұмағали, 78), Кристиан Колчак (Савич, 26), Бағдат Қайыров, Игорь Зенькович (Обрадович, 78), Кирилл Шестаков, Руслан Валиуллин

Қосалқы құрам: Самат Отарбаев (Қ), Абай Жүнісов, Антон Шурыгин, Асланбек Кәкімов, Рафкат Аслан, Ардақ Сәулет,

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ғафуржан Сүйімбаев, Шелдон Бато, Сезар Арзо, Елдос Ахметов, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев (Тұрысбек, 67), Акош Элек, Исаэль, Георгий Жуков (Анене, 88), Жерар Гоу

Қосалқы құрам: Владимир Плотников, Тимур Рудосельский, Ойбек Балтабаев, Магомед Парагульгов

Ескертулер: Валиуллин, 2, Шестаков, 8, Нейн, 28, Муарем, 39, Сидельников, 39, Савич, 45+ – Қуат, 36, Гоу, 44, Ахметов, 59

Бітіспес қарсыластардың өзара ойыны қашан да қызыққа толы болатыны белгілі – осылай болды да. Ойынның қаншалықты қызықты екенін Ақтөбе қаласындағы Орталық стадион трибуналарының толы болуымен-ақ дәлелдей аламыз. Жанкүйерлер матчтың бірінші минутынан-ақ қолдау көрсетті.

«Қайрат» та ойын басталысымен шабуылдаушы стилін көрсетті: соның салдарынан «Ақтөбе» ойыншылары екі рет ойын тәртібін бұзды. Алдымен Валиуллин сары қағаз алса, кейін Шестаков та әріптесінің жағдайын қайталап, ескерту еншіледі. 12-минутта Жерар Гоуөте қауіпті шабуыл жасады: ивуар шабуылшысы айып алаңында «Ақтөбенің» екі қорғаушысын алдап өткен, алайда Сидельников допты Гоудың аяғынан тартып алды. Кері серпілген допқа Исаэль бірінші жеткен – тағы да Сидельников орнынан табылды.

Матчтың есебін Жерар Гоу ашты. Елдос Ахметовтың пасынан кейін доп Исламбек Қуатқа жеткен, оны Джозеф Нейн айып алаңында құлатып тастады. Нәтижесінде Атажанов пенальти белгілеп, ивуар форварды мүлт кетпеді – 0:1.

Артынша «Қайрат» өте сақ ойнап, матчтың бірінші жартысын минималды жеңіспен аяқтады.

Екінші таймда ақтөбеліктер белсенділік таныта бастады – Муханов үзіліс кезінде ойыншыларына жігер берген сыңайлы. Кирилл Шестаков 50-минутта әдемі пас алып, таразы басын теңестіріп тастады. Бұл голдан соң алаң иелерінің қарқыны күшейе түсті: Савич Покатиловпен бірге-бір шыққан, алайда голкипер допты ұстай алды.

Артынша Муаремнің соққысынан соң доп «Қайрат» қақпасының маңдайшасына тиді. Сөйтіп, алматылық футболшылар да кездесудің аяғына таман басымдықты өз қолдарына алды. 71-минутта Исламбек Қуат алыстан соққы жасады – Сидельников өз командасын құтқарып қалды.

77-минутта Георгий Жуков «Ақтөбенің» екі қорғаушысын алдап өтіп, алыс бұрышты дәл көздеді – 1:2. Ойынның аяғына таман Жерар Гоу Тұрысбекпен пас алмасып, ивуар шабуылшы соққы жасаған. Сидельников тағы да сауатты ойнап, өз қақпасына үшінші голды жіберген жоқ.

Ойынның аяғына таман «Ақтөбе» алматылықтар қақпасын торуылдаумен болды. Бірақ «Қайрат» қолда бар жеңістен айырылған жоқ.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст