Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» - «Фастав Злин»: ауыр жеңіс

«Қайрат» оқу-жаттығу жиынындағы спарринг-ойында чехиялық «Фастав Злин» клубымен күш сынасты.

Злиндік клуб бұл ойынға үлкен жауапкершілікпен келген – ойыншылар мен басшылық матчтың басталуына жарты сағат қалғанда алаңда болды – футболшылар жаттыққан жоқ, тек алаң мен көгалды бағалап шықты. Бұл кездесуге олар Чемпиондар лигасы не Еуропа лигасының матчына келгендей дайындалды. 

Екі команда да алғашқы ысқырықтан соң қарсыласқа өз ойынын көрсетуге тырысты – «Қайраттың» қолынан бұл келді, алайда қауіпті шабуылдарды «Злин» ұйымдастыра алды, команда қарсыласын қарымта шабуылдардан ұстады. Солардың бірінде гол жіберуге тура келді, қарсылас бірнеше мүмкіндігінің бірін Владимир Плотников иелігіне дәл жіберді, бірақ бұл гол офсайдта соғылып, ол есепке алынбады. Бұл жағдай Халық командасының ойыншыларына жақсы әсерін тигізді, олар допты өздерінде ұстай бастады. Алайда әлі де боолса, гол соға алмай жатты. 

Таймның ортасына таман чехтар ойын қарқынын өзгертіп, бірнеше жақсы шабуылдар ұйымдастыра алды, бірақ біздің қорғаныс сыр берген жоқ. 

36-минутта «Қайрат» қауіпті шабуыл ұйымдастырды – әдемі комбинациядан соң Жерар Гоу баспен соққы жасайтын тамаша мүмкіндікке ие болды, бірақ оның соққысынан кейін доп «Фастав Злин» қақпашысының қолынан табылды. Нәтижесінде бірінші тайм тең есеппен аяқталды. 

Екінші таймның басында-ақ «Қайрат» өзінің ең үздік голын көрсетіп, гол соғу ниетте екенін бірден көрсетті. Соған қарамастан, қарсыластың шабуылдары қауіптірек көрінді: қарымта шабуылдарды әдемі-ақ пайдаланып жатты. 54-минутта Ибрагим Траоре қызыл қағаз алды, алайда біздің команданың бас бапкері Кахабер Цхададзенің өтінішімен қарсылас оны ауыстырып тастады – бұл «Злин» ойыншыларының матчты толық құраммен аяқтауы үшін жасалды. 

58-минутта, өкінішке қарай, Бауыржан Тұрысбек гол соғатын жүз пайыздық мүмкіндігін мүлт жіберді. Үш минуттан соң тағы да Тұрысбек өз командасын алға шығаратын мүмкіндікті пайдалана алмады, оның соққысынан кейін доп қақпадан қиыс кетті. «Қайрат» допқа басымдығын толығымен өз қолына алды – алматылық команданың есепте алға шығуына сәтсіздік қана бөгет болып тұрғандай. 76-минутта «Қайрат» қарсылас қақпасына алғашқы голын соға алды – Бауыржан Исламхан әріптесінен тамаша пас алып, ұрымтал тұсқа шыққан соң, алыс тоғыздыққа жойқын соққы жасады – 1:0. 81-минутта Георгий Жуков өз капитанының соққысын қайталай алды – доп дәл сол бағытпен ұшып, қақпада тулады – 2:0. Ойын дәл осы есеппен аяқталды. 

Жолдастық матч.

«Қайрат» - «Фастав Злин» - 2:0 (0:0)

Гол: Исламхан 76, Жуков 81

«Қайрат»: Плотников, Ахметов, Арсо (Рудосельский 64), Маркович, Сүйімбаев (Вороговский 83), Қуат (Абикен 88), Бакаев, Исаэль (Жуков 46), Исламхан (Гладченко 87), Аршавин (Райымбек 73), Гоу (Тұрысбек 46)

31 қаңтар 2017. Түркия, Белек.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст