Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» «Кукесиді» минималды есеппен ұтты

«Қайрат» футбол клубы оқу-жаттығу жиынында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. 

5 қаңтарда команда физикалық дайындық бойынша жаттығу жұмыстарын өткізді. Бұл жаттығуларды спарринг-матчтар жалғастырып кетті, алғашқы жолдастық кездесуде алматылық команда албаниялық «Кукесимен» күш сынасты. 

Ойынның бірінші минутынан-ақ Кахабер Цхададзе командасы басымдықты қолдарына алып, оны жүзеге асыруға тырысты. Албаниялықтар «Қайратпен» допқа күрес жүргізудің қиын екенін түсінген соң, екінші нөмірмен ойнап, қарымта шабуылдарға иек артты. 8-минутта осындай қарымта шабуылдардың бірінде қарсыластың шабуылшысы айып алаңға еніп, құлап қалды. Кездесудің төрешісі он бір метрлік айып соққысын белгіледі. «Қайраттықтардың» төреші пікіріне қарсы шыққанына қарамастан, «Кукесидің» ойыншысы Пидич пенальтиді орындады. Бақытымызға орай, доп қақпа бағанасына тиді. Айта кетейік, Плотников футболшының ойын тауып қойған, доптың бағытына қарай секірген болатын, сондықтан, бұл доп қақпаға тура жасалғанда, оны кері қайтара алатын еді. 

Бес минуттан соң «Қайрат» ойынның есебін ашуға жақын болды, әдемі комбинация ұйымдастыра алды – Бауыржан Исламхан Андрей Аршавинге әдемі пас қалдырды, соңғысы өзіне ұрымтал тұсқа шығып, алыс бұрышқа жойқын соққы бағыттады, доп қақпадан бірнеше сантиметр ғана қиыс кетті. Үш минуттан соң Георгий Жуков пен Исламхан әдемі ойнады, үш қарсыластан өтіп кеткен соң, Батори допты Аршавинге асырды, бұл жолы ресейлік футболшы дәл соққы жасағанымен, доп қатты ұшқан жоқ – Колич өз командасын құтқарып қалды. 

Бірінші таймның аяғында «Қайрат» жылдам әрі әдемі шабуыл ұйымдастырып, нәтижесінде Ғафуржан Сүйімбаев акробатикалық секіріспен соққы жасады – доп қақпадан биік ұшты. Сондықтан кездесудің алғашқы жартысы тең аяқталды. 

Екінші таймда «Қайрат» сапында мүлдем басқа құрам алаңға шықты. Бірінші таймда ойнаған футболшылар демалыс алды. 

49-минутта «Қайрат» гол соқты – Райымбек сол қанаттан өтіп барып, Вороговскийге пас қалдырды. Соңғысы допты Жерар Гоуға дәл көтере алды, ивуар шабуылшысы әуедегі допты қарсыластың қақпасында тулатты. 

Гол соққан соң «Қайрат» белсенділік танытып, басымдығын ұлғайтуға жақын болды, Исламбек Қуат алыстан жойқын соққы бағыттады – қарсыластың қақпашысы қиындықпен болса да, бұл допты алып шықты. 

Бірнеше мүмкіндіктер пайдаланылмай, ойын көбіне алаңның ортасында жүріп жатты – командалар допқа таласты көп жүргізіп, екінші гол соғылмай қалды. 

Жолдастық матч.

«Қайрат» - «Кукеси» - 1:0 (0:0)

Гол: Гоу 49

«Қайрат», бірінші тайм: Плотников, Маркович, Соарес, Сүйімбаев, Ахметов, Аппия, Жуков, Исламхан, Аршавин, Тұрысбек, Балтабаев

«Кайрат», екінші тайм: Покатилов, Қуантаев, Рудосельский, Арзо, Ворогоский, Исаэль, Асеведо, Қуат, Райымбек, Гоу

12 қаңтар 2017. Түркия.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст