Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» - «Локомотив»: есеп

«Қайрат» футбол клубы оқу-жаттығу жиыны аясында болгариялық «Локомотивпен» жолдастық кездесу өткізді. 

Бүгінгі кездесуге ойыншылардың белгілі бір тобы ғана қатысты, олар ертең босниялық «Младост» клубына қарсы матчта алаңға шықпайды. Яғни, бүгін алаңға шықпаған  ойыншылар ертеңгі матчта ойнайды. 

Ойын жөнді басталып та үлгерген жоқ, Жерар Гоу өз командасын алға шығарды, бұл күтпеген жағдай еді, себебі арбитр алғашқы ысқырын енді берген болатын. Матчты осылай бастаған «Қайрат» қарқынын күшейтіп, қарсыластың қақпасынан саңлау іздеуңн жалғастыра берді. 

Ойынның 10-шы минутынан кейін «Локомотив» алғашқы соққыдан есін жинап, мазмұнды ойын көрсете бастады. Кахабер Цхададзе командасына келер болсақ, олар өз айып алаңына қарсыласты кіргізген жоқ.

Таймның ортасына таман Халық командасы толық басымдыққа ие болды – «Қайрат» шабуылда адуынды ойнап, тағы бір-екі гол соға алатын еді, өкінішке қарай, біздің команданың ойыншыларына сәттілік жолдас болмады. 

Кездесудің бірінші жартысы алматылық клубтың минималды жеңісімен аяқталды: біздің команда әдемі футбол көрсетіп, жоғары қысым қолданды да, қарсыластың өз ойнын жүргізуге мүмкіндік бермеді. 

Екінші таймның алғашқы минуттары «Локомотивтің» басымдығымен өтті, үзіліс кезінде болгариялық футболшылар бапкерден «жылы сөз» естіген секілді, бар күшімен алға ұмтылды. Соған қарамастан, «Қайрат» өз күшін көрсетіп, ойынды өз қолдарына қайтарып алды да, гол соқты: Исаэль айып соққысынан кейін допты қақпа маңына қарас асырған, айып алаңындағы қарбаластан соң доп алыс бұрышқа еніп кетті – 2:0. 

65-минутта үшінші гол соғылды, командамыздың жаңа ойыншысы Иво Иличевичтің алыс бұрышқа жасаған соққысынан соң доп Гоудың басына тиіп, қақпада тулады – 3:0. 

«Қайраттың» басымдығына қарамастан, қарсылас екі гол соғып, есеп айырмасын қысқарта алды – алдымен Дани Кики, кейін Себастьян қанжығаларын майлады – 3:2.

Матчтың нүктесін Гоудың тамаша соққысы қойды, сөйтіп, матчтың жеңімпазы да анықталды. 

Жолдастық матч.

«Қайрат» - «Локомотив» - 4:2 (1:0)

Голдар: Гоу 1, 65, 83, Исаэль 59 — Кики 73, Хамуд 75

«Қайрат»: Покатилов, Ахметов, Арсо, Маркович (Рудосельский 70), Сүйімбаев, Бакаев, Қуат, Исламхан (К), Жуков (Исаэль 56), Аршавин (Иличевич 62), Гоу

5 ақпан 2017. Түркия, Белек.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст