Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» ойыншыларының «Кукесимен» матчтағы статистикасы

«Кукесиге» қарсы жолдастық матчтан кейінгі «Қайрат» ойыншыларының бірегей статистикалық мәліметтері. 

Жақында ғана, дәлірек айтқанда, 12 қаңтарда «Қайрат» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу аясында алғашқы жолдастық кездесуін өткізді. 

Біздің команданың қарсыласы албаниялық «Кукеси» болды. Алматылық клуб қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырды. Ойындағы жалғыз гол 49-минутта соғылды. Ян Вороговскийдің әуелеткен пасынан кейін Жерар Гоу басымен допты қарсыластың қақпасында тулатты. Айта кетерлігі, «Халық командасы» кездесудің екі таймын екі құрамда өткізді.

Жаттығулар мен ойындар кезінде бапкерлік штаб толығымен тоқсыз әрі ықшамды ішкі сенсордың көмегімен спортшылардың физикалық мәліметтерін бақылап, қадағалап отыруға мүмкіндік беретін арнайыланған қондырғыны пайдаланады. Ол бапкерлерге ойыншыларды алдағы маусымға дайындауына көмектесуі үшін алынды. Бұл құрылғының арқасында мамандар футболшылардың «Кукесиге» қарсы жолдастық ойындағы қабілеттерін тексерді. Назарларыңызға матчтың мәліметтерін ұсынамыз: 

1-ші тайм:

Ойбек Балтабаев — 46 минут, 6133 метр жүгірді

Бауыржан Исламхан — 46 минут, 5590 м.

Бауыржан Тұрысбек — 46 минут, 5577 м.

Георгий Жуков — 46 минут, 5517 м.

Елдос Ахметов — 46 минут, 5272 м.

Ғафуржан Сүйімбаев — 46 минут, 5240 м.

2-ші тайм:

Вилли Евсеев — 47 минут, 5762 метр жүгірді.

Исламбек Қуат — 47 минут, 5330 м.

Мадияр Райымбек — 47 минут, 5330 м.

Ян Вороговский — 47 минут, 4972 м.

Ермек Қуантаев — 47 минут, 4880 м.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст