Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» «Оренбургтан» сенімді реванш алды

Кеше «Қайрат» футбол клубы жолдастық кездесуде ресейлік «Оренбургпен» күш сынасты. 

Біздің команда үшін бұл екінші жолдастық ойын болатын. Бірінші кездесу 12 қаңтарда өтті, «Халық командасы» «Кукесиді» 1:0 есебімен жеңді, жалғыз голды Жерар Гоу соққан. 

Бұл жолы «Қайратқа» албаниялық ұжымға қарағанда әлдеқайда қауіпті команда қарсылас болды. «Оренбург» ресейлік Премьер-лиганың турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатса да, Кахабер Цхададзе командасына үлкен қауіп төндіре алады. 

Ойынның басынан-ақ «Қайрат» паспен жөнді ойнай алмады, ал ресейліктер өз ойындарын көрсете бастады. Алматылық клубтың ойыншылары жағдайдың салмақтылығын ескеріп, допқа басымдықты өз қолдарына алды. Алматылықтар комбинация ұйымдастыра бастағанда, «Оренбург» қақпасына да қауіп төнді: сондай сәттердің бірінде Исаэль ұрымтал тұсқа шығып, есепті ашуға жақын болды, дегенмен қарсыластың қақпашысы өз командасын қорғап қалды. Артынша бұрыштан әуелеген пастан кейін Гоуда есеп ашатын мүмкіндік болды, бірақ доп маңдайшаға тиді. 

Қарқын басылып, доп көбіне алаң ортасында болған кезде, 21-минутта алғашқы гол соғылды – әдемі пастан кейін, «Оренбург» қақпашысымен бірге-бір шыққан Гоу голкипердің қателігін пайдаланып, допты бос қақпада тулатты. 

Голдан кейін командалар басқаша ойнай бастады: «Қайрат» допты ұқыппен ұстай бастады, ал «Оренбург» агрессия қосты. 

31-минутта «Оренбург» ойыншылары тағы да қателесіп, пасты қарсыласына бере салған соң Бауыржан Исламхан ресейліктердің қақпасына ұмтылып, айып алаңында қорғаушылар қарсы алған соң, допты Гоуға қалдыра салды, соңғысы мүлт кеткен жоқ – 2:0.

Таймдар арасындағы үзілісте Цхададзе құрамда төрт өзгеріс жасады – Елдос Ахметов, Исламбек Қуат, Сезар Арзо мен Станислав Покатиловтың орындарына Ермек Қуантаев, Михаил Бакаев, Тимур Рудосельский мен Владимир Плотников шықты. 

Кездесудің екінші жартысы басталған бойда командалар бірінші нөмірмен кімнің ойнайтынын анықтауға тырысты. Бұл «Қайраттың» қолынан келді. Мүмкіндіктердің бірінде Адрей Аршавин қапталдан орталыққа қарай ығысып, алыс бұрышқа жойқын соққы жасады, өкінішке қарай, доп қақпаға енген жоқ. 

60-минутта «Қайрат» ойында толық басымдыққа қол жеткізген соң, алматылық клуб айып соққысын орындауға мүмкіндік алды. Нүктеге Исламхан келді. Қақпадан 30 метр қашықтықта команда капитаны алыс бұрышқа жойқын соққы жасады. Доп әдемі ұшқанымен, қақпаға дәл бармады. 

Кездесудің аяғында «Оренбург» «Қайраттың» иелігіне көбірек кіре басталы, есеп айырмасын қысқартуға да жақын болды. Алайда қорғаныстағы сауатты ойын ресейліктердің гол соғуына мүмкіндік бермеді. 

Ойынның нүктесін Бауыржан Тұрысбек қойды – 3:0. Нәтижесінде «Қайрат» 2016 жылдың күзінде Алматыдағы жеңілістің реваншын алды.  

Жолдастық ойын.

«Қайрат» - «Оренбург» - 3:0 (2:0)

Голдар: Гоу 21, 31, Тұрысбек 80

«Қайрат»: Покатилов (Плотников 46), Маркович, Ахметов (Қуантаев 46), Сүйімбаев (Вороговский 80), Арзо (Рудосельский 46), Қуат (Бакаев 46), Аппиа (Балтабаев 56), Исламхан (Евсеев 66), Аршавин (Тұрысбек 63), Исаэль (Райымбек 80), Гоу (Абикен 82)

19 қаңтар, 2017. Түркия.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст