Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

«Қайрат» Түркия: ОЖЖ жалғасуда

«Қайрат» екінші оқу-жаттығу жиынында өз жұмысын жалғастырып жатыр. Кахабер Цхададзе командасы екі жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. 

«Фастав Злинге» қарсы матчтан кейін ойыншылар бас бапкерден шағын демалыс алды – кеше тек таңғы жаттығу ана болды, ал бүгін тек кешке ғана дайындалады. Екінші жиында «Қайрат» футболшылардың физикалық дайындығын қайта қалпына келтіру бойынша ғана жұмыс істеп жатқан жоқ, ойыншылар мен тактикалық жүйені түсіну бойынша да жаттығу жасап жүр. 

Алматылық клуб екі жолдастық кездесу өткізді – екеуінде де жеңіске жетті, қос матчта да гол жіберген жоқ. Алдымен словакиялық «ДАК-ты», кейін чехиялық «Фастав Злиннен» айласын асырды. «ДАК-қа» қарсы матч голға толы бола қойған жоқ – сол кезде бір ғана гол соғылды – Ян Вороговский қарсыластың қақпасынан саңлау тапты. Екінші кездесу қызыққа толы өтті, алаңда күрестер де аз болған жоқ. Біздің командаға Чехияның мықты ұжымы қарсы тұрды, олар ішкі чемпионатта төртінші орында келеді. Сонымен қатар, «Фастав Злин» ойыншыларының қалыптарында келе жатқанын айта кету керек, себебі мұнда ішкі чемпионат қызу үстінде. Соған қарамастан, «Қайрат» матчтың соңына таман қарсыласының қақпасына жауапсыз қос доп сала алды, Бауыржан Исламхан мен Георгий Жуков гол соқты. 

Бір қызығы, алғашқы жиында да Цхададзе екі ойын өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған еді. Сол кезде де гол жібермеген. «Қайрат» алдымен албаниялық «Кукеси» (1:0) мен ресейлік «Оренбургтан» басым түскен. 

Алда футболсүйер қауымды тағы екі жолдастық кездесу күтіп тұр. 5 ақпанда алматылық клуб болгариялық «Славиямен» күш сынасады. Ал соңғы матч 8 ақпанда өтеді – алматылық команда хорватиялық «РНК Сплин» клубымен кездеседі. Барлық матчтарды «Қайрат-ТВ» тікелей эфирде көрсетеді. 

«Қайрат» ОЖЖ-да

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д

Ұ

«Қайрат»

4

4

0

0

7-0

12

 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст