Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Ахметов пен Жуков — ҚПЛ-дің басты трансферлері

БАҚ қазақстандық премьер-лигада осы қыстағы басты бес трансферді ұсынамыз.  

 Георгий Жуков

Қайдан: «Урал» (Ресей)

Қайда: «Қайрат»

Амплуа: орталық жартылай қорғаушы

Жасы: 22 жаста

Азаматтығы: Қазақстан

«Қайрат» өте кәсіби және екпінді жұмыс істеді. Алматылық клуб Жуковке қатысты жағдайда бірден бірнеше көзірді ұстап қала алды. Клуб ойыншымен ақпарат көздеріне шығармай жатып келісім-шартқа отырып алды, және, ең маңыздысы, мұны өте маңызды жағдаймен жасады: Жуков Қазақстан құрамасы сапында ойнайды. Осылайша, алматылықтар федерацияға көмектесті деуге де болады. 

Трансфердің ойындағы бөлігі туралы айтар болсақ, Жуков секілді ойыншы «Қайратқа», сөзсіз, керек екені анық. Георгий ҚПЛ-дің не екенін біледі, ол жас, болашағы зор және, ең маңыздысы, командадан кеткен Анатолий Тимощуктің орнын басатын адам болуы тиіс. Оның үстіне, Жуков жартылай қорғанысқа көп көңіл бөлетін «Қайратқа» өте сай келеді. Алматылық ұжымда кез келгені шабуылға да, қорғанысқа да араласа алады. Футболшының өзі алаңда box to box үлгісіндегі классикалық жартылай қорғаушының рөлін атқаруды жақсы көретінін ескерсек, Жуков Цхададзе командасының жүйесінде бөлек адам ретінде көрінбейтіні анық. Ал ұжымға қалай еніп кететіні белгісіз, себебі Тимощук командада абыройлы ойыншы болған еді. Жуков та сондай болуы мүмкін,  ол үшін өз әріптестерімен ортақ тіл таба алуы қажет. 

Елдос Ахметов

Қайдан: «Ертіс»

Қайда: «Кайрат»

Амплуа: қорғаушы

Жасы: 26 жаста

Азаматтығы: Қазақстан 

Ахметов өткен маусымды мазмұнды және өте бейнетті өткізді. Ол «Ертісте» де, құрамада да үлкен еңбек тындырды. Сонымен қатар, Ахметов әмбебап ойыншы, клубта ол класикалық жүйе бойынша қапталдағы қорғаушы рөлін атқарса, құрамада үш қорғаушы жүйесінде өнер көрсетіп, қорғаныстың орта бөлігін жауып жүрді. Польша, Румынияға қарсы ойындарда тең түсіп, «Ертістің» қола медаль еншілеуі – бұл Елдостың да үлесі екені анық, кейде қателіктер жібереді, кейде дөрекі ойнады, бірақ ешқашан қарсыластың еркін көсілуіне мүмкіндік бермеді. 

Ахметов құрамада негізгі ойыншы атанып, клубта маусымда түгел жақсы ойнап шықты. Сондықтан, оның «Қайратқа» ауысуы ақылға сыйымды және бұл кезеңді ол жемісті өткеруі керек. Себебі «Астанада» ойнап жүргенде ол әлі жас еді, болашағынан үміт күттірді, ал қазір жағдай тым басқаша. Бұл ол үшін отандық деңгейдегі топ клубта өнер көрсетуге берілген екінші мүмкіндігі, одан бөлегі болмауы да мүмкін, сондықтан жамбылдық футболдың түлегіне бар күшін салу керек. 

«Қайрат» осы бір ғана трансфер арқылы бірнеше мәселеден құтылады. Елдостың әмбебаптығы жарақаттар болып жатса, қорғаныстың екі позициясын жабуға көмектеседі.  

Дереккөз: Prosports.kz

Автор: Әлібек Қабенов

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст