Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Алтын үшін таласта

Шымкенттіктер осы маусымда алматылықтар үшін алынбас қарсыластардың бірі болды. Бүгінгі кезде «Қайрат» Байсейітовтың командасын бір рет те жеңе алмады. Енді, бүгін сол статистиканы түзейтін сәт келіп тұр.

«Ордабасы» - 2000 жылы «Томирис» пен «Жігер» командаларының бірігуі нәтижесінде «Достық» деген атпен құрылған шымкенттік клуб. Матчтарын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткізеді, сыйымдылығы - 20 000 адам. Ресми сайты - fcordabasy.kz.

Құрамда кімдер бар?

Осы жазда «Ордабасы» трансферлік уақытта белсенді болмады. Командаға келген ойыншылардан тек екі грузиялық легионерді ғана атап өтуге болады - маусымның бірінші кезеңін «Ертіс» сапында өткізген Гогита Гогуа мен ресейлік командаларда ойнап танылған Отари Марцваладзе.

Шымкенттіктер трансферлік уақытта алған ойыншыларынан, жіберген футболшылары көп болды деп сеніммен ойна аламыз. Командадан бірнеше ойыншы кетіп қалды, оның ішінде құрама футболшылары Нұрғалиев («Астана») мен Сүйімбаев («Қайрат») бар, сондай-ақ, шымкенттік команданың соңғы жылдардағы үздік сұрмергендерінің бірі Эдин Юнузович.

Пікірлер қандай?

Өткен турда «Ордабасы» минималды есеппен елордалық «Астанаға» жол берді. Осы матчтан кейін шымкенттік клубтың бас бапкері Бақтияр Байсейітов нәтижеге көңілі толмаса да, ойын мазмұнының жақсы болғанын айтты: «Ойынды бәрі көрді және ләззат ала алды деп үміттенемін. Біз чемпионаттың көшбасшыларымен ойнадық, жігіттер өздерін лайықты көрсетті. Бізде жарақат алған ойыншылар өте көп, сонда да, артқы және орта аймақ лайықты ойнады. «Астана» әзірше тың, жақсы футбол көрсетіп жүр, оларда еуропалық тәжірибе көп, сондықтан бірінші таймда қорғаныста көбірек ойнауға тура келді. Екінші таймда он ойыншымен қалсақ та, гол соғатын мүмкіндіктеріміз болды».

Не күтеміз?

Чемпионаттың аяқталуына аз ғана қалды және «Қайратқа» енді ұпай жоғалтуға болмайды. Алтын медаль үшін таласты жалғастыру үшін алматылықтарға әр ойында максимум ұпай жинау қажет. «Ордабасы» біз үшін ең мықты қарсыластардың бірі екені түсінікті, бірақ өз жанкүйерлерінің алдында қайраттықтар тек жеңіс үшін ойнайды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст