Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Қанағаттанарлық нәтиже

«Қайрат» ел чемпионатының 31-турында «Ертісті» қапы қалдырды - 3:1.

Осы маусымда алматылықтарға бірнеше рет «Ертіске» қарсы ойындар үлкен қиындық тудырды. Кезекті ойынның алғашқы ысқырығы естілмей жатып, солтүстік қазақстандықтар өз алаңында барын салып ойнайтыны белгілі болды. Оның үстіне, Димитар Димитров шәкірттері қола медаль алуға таласып жатыр.

«Ертіс»: Антон Цирин, Григорий Сартаков, Дамир Даутов, Георгас Фрейдгеймас, Пиралы Алиев, Шота Григалашвили, Қазбек Гетериев, Карлос Фонсека, Игнасио Эррера, Роман Мұртазаев, Байе Джиби Фалль.

«Қайрат»: Стас Покатилов (ГК), Станислав Лунин, Тимур Рудосельский, Сесар Арзо, Ғафуржан Сүйімбаев, Михаил Бакаев, Анатолий Тимощук, Бауыжан Исламхан (К), Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

Бірінші таймда ауа-райы үлкен кедергі болды. Қар жауып, алаңды көру мүмкіндігі нашарлады, сондықтан қос комнадаға да ойынға жылдам еніп кету мүмкін болмады. Алғашқы минуттарда мүмкіндіктер болмады.

Бірінші таймның ортасында командалар жылдамдықты арттырғанымен, шабуылдар саны көбейген жоқ. Күрестің басым бөлігі алаңтың оратсында өрбіді, ал командалар жасаған соққылар қиыс кетіп жатты.

Ойын уақытының жарты сағаты өткен соң Ғафуржан Сүйімбаев әріптесінен пас алып, айып алаңына енді. Қапталдағы қорғаушының соққысы қақпаға тура бармады. «Ертіс» Мұртазаевтың жеке шабуылымен жауап қатты, Романның соққысы Покатиловтың оңай олжасына айналды.

Матчтың екінші жартысы пайдалырақ болды. Командалар жиі соққылар жасай бастады, соның бірін «Қайрат» өз пайдасына жарата алды. Айып алаңына жасалған пастардан соң Гоу допқа ие болып, павлодарлықтарға мүмкіндік қалдырмады - 1:0.

«Ертіс» таразы басын теңестіруге тырысты, бірден сондай мүмкіндік те туды. Фалль соққы бағыттады, бірақ «Қайраттың» қақпашысы қауіптің бетін қайтарды. Цхададзе шәкірттері Аршавиннің мүмкіндігімен жауап қатты, бірақ бұл жолы алаң иелерінің голкипері Цирин өз шеберлігін көрсетті.

Нақты бір уақытта солтүстік қазақстандықтар шабуылға бар күшін салып, қорғаныс туралы ұмытып кетті. Алматылықтар осы мүмкіндікті ұстап қалды. Исламхан қарсыластың қақпашысымен бірге-бір шығып, дуэльдің жеңімпазы атанды - 2:0.

Сары-қара түстілер «Ертіс» қақпасына үшінші голды соғуға да жақын болды. Алдымен Исламхан шабуылға сәтті араласып, жойқын соққы жасады, артынша Асеведо айып соққысын тамаша орындады. Кейін Гоу алаң иелерінің қақпасына үшінші голды соқты, бірақ ол ойыннан тыс қалған екен.

Кездесудің аяғында «Ертістің» шабуылы өз жемісін берді, Карлос Фонсека соңғы он минутта нәтижелі соққы жасады - 2:1.

Ойынның соңғы секундтарында алматылықтар Цириннің қақпасына үшінші рет гол соқты. Жерар қанжығасын майлады - 3:1. Осы голдан кейін матчтың аяқталғанын білдіріп, соңғы ысқырық естілді.

«Қайрат» «Ертіске» қарсы сырт алаңда өткен матчта жеңіске жетіп, бірінші орынға таласын жалғастыра береді. Цхададзе шәкірттерін алда «Оқжетпеске» (29 қазан) қарсы өз алаңында ойын күтіп тұр, ал «Астана» «Оқжетпес» және «Ертіспен» ойнайды. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст