Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Аршавин – жартылай қорғаушылар арасында бесінші

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз-қызметі Instat компаниясының сараптамасы негізіндегі статистикалық мәліметтерге сүйеніп жасалған материалдар сериясын жалғастырады.

ҚКФЛ өкілдері кезекті рейтингіде чемпионаттың жетекші жартылай қорғаушыларын сараптамадан өткізді. Статистикалық мәліметтерге сай «Қайраттың» қапталдағы футболшысы Андрей Аршавин үздіктер тізіміне енді. 

Тізімнің бесінші сатысына «Қайраттың» ойыншысы Андрей Аршавин табан тіреді. Ресей құрамасының бұрынғы ойыншысы алаңда 28 ойын (2 067 минут) өткізіп, 8 гол мен 7 нәтижелі пастың авторы атанды. Қақпаға жасалған соққылар көрсеткіші мынадай: Аршавин 53 соққы жасап, олардың 16-сын дәл бағыттады. Ережені Андрей сирек бұзды – 23, оған қарсы 34 рет ойын тәртібі бұзылған. Берген пастарының 80%-ы дәл жеткен (орта есеппен 44, оның 35-і дәл ). Доп үшін күресті қарастырсақ, 16 жекпе-жекте 8 рет жеңімпаз атанады.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст