Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Қарсыласпен танысайық: «Оренбург»

«Қайраттың» оқу-жаттығу-жиынындағы келесі қарсыласы туралы не білу қажет. 

Оқу-жаттығу жиындарындағы жолдастық кездесулер – команданың жаңа маусымға дайындығының алынбайтын бөлігі. «Қайрат» бір спарринг-ойынды өткізіп үлгерді. Қарсыласы албаниялық «Кукесиден» басым түсті. Енді 19 жұлдызында біздің клуб ресейлік «Оренбург» командасына қарсы тұрады. Қане, қарсыласпен жақынырақ танысайық. 

Кездесу Түркияда өтеді, «Халық командасы» мұнда ОЖЖ өткізіп жатыр. Бір қызығы, бірден бірнеше клуб 19 қаңтарда «Қайраттың» жолдастық кездесуіндегі қарсыласы болатынына сенім білдірген еді. Мұндай мәлімдеме алматылық клуб бапкерлік штабын түсініксіздік жағдайға әкеліп қойды, себебі қарсылас баяғыда-ақ анықталып қойған болатын. 

«Оренбургтің» қазіргі нәтижелеріне келер болсақ, бүгінде олар сенсациялық ештеңе жасап жатқан жоқ – біріншіліктің дебютант командасы Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде соңғы жақтарда келе жатыр. 16 команданың ішінде 14-ші болып тұр. Ресей чемпионатының 17 матчында Роберт Евдокимов шәкірттері екі рет қана жеңімпаз атанды, қалғандарында не тең тарқасса (6), не жеңіліп қалды (9). Сонымен қатар, «Оренбург» қарсылас қақпасына 11 ғана гол соққан, ал өз қақпасына жіберген голдар саны одан екі есе көп деуге де болады – 21. Жалпы, бұл статистика команда жанкүйерлерін қуантып жүрген жоқ шығар, олар әлі де болса «Оренбургтің» маусым қорытындысы бойынша футболдан Ресей чемпионатының жоғарғы дивизионында қалатынына үміттеніп жүр.  Біріншіліктегі соңғы матчында команда жеңіліп қалды – орынборлықтар сырт алаңда «Амкарға» 0:3 есебімен жол берді. 

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, «Оренбург» 1976 жылы құрылған команда екенін білеміз. 2016/17 жылғы маусымға дейін «Газовик» деген атпен өнер көрсеткен. Орынборлық команда көбіне Ресейдің төменгі дивизиондарында ойнап жүрді.  Тек 2016 жылдың 16 мамырында ғана өз тарихында тұңғыш рет РФПЛ-ге жолдама алды. 

Бір қызығы, «Оренбург» былтырғы жылдың күзінде Алматыға келіп, «Қайратпен» жолдастық кездесу өткізді. Өкінішке қарай, сол ойында Кахабер Цхададзе шәкірттері жеңіліске ұшырады – 2:3. Біздің команда сапында Жерар Гоу мен Бауыржан Тұрысбек қанжығаларын майлады. Енді алматылық клубқа реванш алуға мүмкіндік туып тұр. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст