Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Автобустармен, ұшақтармен

Клубтың баспасөз-қызметі осы маусымда «Қайраттың» қонақтағы матчтарға қалай барғанын айтады. 

2016 жылы «Қайрат» сырт алаңда 21 матч өткізді. Команданың әр сапары – клубтың әкімшілік бөлімі үшін маңызды мәселе. Футболшылар мен бапкерлер сырт алаңдағы кездесулерге аттанбас бұрын, бірнеше тапсырмаларды орындау қажет. Сол тапсырмалардың бірі – логистика, дәлірек айтар болсақ, «Қайраттың» баратын жерге дейінгі бағыты.

Биылғы жылы алматылықтар басқа қалаларға екі тәсілмен барып жүрді – автобуспен немесе ұшақпен. Қайраттықтар автобус арқылы жиі барған жоқ. Ақтөбеліктер Талдықорға дейін және Астанадан Көкшетауға дейін автобусты пайдаланды. Тараздан да осындай көлікпен қайтты. Айта кетейік, халықаралық матчтарда «Қайрат» автобусты жиі қолданды. «Теута» мен «Маккабиге» қарсы матчтарда алматылықтар Тиран мен Тель-Авивте тұрды, бірақ матчтар Дуррес пен Нетания қалаларында өткен болатын. 

Осы маусымда «Қайрат» автобуспен 2128 шақырымды артта қалдырған, біз халықаралық сапарларды ғана айтып отырмыз. 

Алматылықтар ұшақпен жиі барады. «Қайрат» үшін ең көп барған жер Астана болды. Еліміздің астанасына алматылықтар осы маусымда бес рет барды. Сары-қара түстілер Тараз, Орал, Қостанай және Қарағандыға бір рет барды. 

Ең ауыры Израиль және Албанияға жасалған сапарлар болды. «Қайрат» Алматыдан Тель-Авивке Тбилиси арқылы барса, Тиранаға Мәскеу арқылы жетті. Мұның бәрін қосқанда – екі қалаға жету үшін қайраттықтар 10 000 шақырымда әуеде өткізген. Жалпы есептегенде, «Қайрат» 58 968 шақырымдай ұшқан.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст