Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Біріншілік соңындағы шиеленіс

Солтүстік қазақстандықтар бұл маусымды қарқынды бастаған, чемпионаттың басты фавориттерінің бірі де саналған еді. Турнирлік жолдың ортасында павлодарлықтар жиі ұпай жоғалтты, бүгінде «Ертіске» үшінші орын алу үшін біраз күресуге тура келеді.

«Ертіс» - 1965 жылы Павлодар қаласында құрылған футбол клубы. Өз ойындарын 12 мың адам сыятын «Орталық» стадионда өткізеді. Клубтың бұрынғы атаулары - «Трактор» және «Аңсат». Клубтың лақап аты: Пентакампеондар. Ресми сайты — fcirtysh.kz.

Құрамда кімдер бар?

Жазғы трансферлік кезең «Ертіс» үшін сәтсіз өтті. Командадан бірнеше маңызды ойыншылар кетіп қалды, мысалы, Гогита Гогуамен келісімге келе алмай, ол Шымкентке кетіп қалды. Александр Киров «Таразбен» келісім-шартқа отырды, ал Сергей Малый елордалық «Астана» сапына ауысып кетті. Оның үстіне, Александр Кислицын да командадан кетуді ұйғарып, «Оқжетпеске» кетті.

Солтүстікқазақстандық клубқа қандай ойыншылар келді? Қайраттық Виталий Ли жалға алынды, сондай-ақ, грузиялық шебер ойыншы Шота Григалашвили де «Ертіспен» келісім-шартқа отырды.

Пікірлер қандай?

Өткен турда «Ертіс» шымкенттік «Ордабасыға» минималды есеппен жол берген болатын. Сол ойыннан кейін павлодарлықтардың бас бапкері өз ойыншыларына кінә артпай, төрешілердің жұмысын төмен бағалады: «Ойын мазмұны мен сапасына, мүмкіндіктерді ұйымдастыру бойынша жігіттерге айтар сыным жоқ, тек соларды голға айналдыру керек еді. Тағы да он төрт адамға қарсы ойнады. Өте өкінішті, әрине. Бізде мықты мәселелер болып түр. Өткен аптада тек сегіз адамды ғана жаттықтырдым. Бүгін лайықты ауысым болған жоқ - Гетериев жарақат алды. Матчты қандай құраммен бастасақ, солай аяқтадық».

Не күтеміз?

Астанада эмоцияға толы ірі жеңістен кейін «Қайрат» Чемпионаттың қалған матчтарына ерекше жігермен шығады. Алматылықтар медаль үшін күресін жалғастырады және ұпай жоғалту ойда жоқ. «Ертіс», өз кезегінде, көп ұпай жинауға тырысады, бірақ соңғы төрт матчта павлодарлықтар ұпай еншілей алар емес. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст