Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Екеуі ғана қалды

Чемпионаттың 28-ші туры көп нәрсені анықтай алды. Осы жексенбілік күнде бірінші орын үшін таласты «Қайрат» пен «Астана» ғана жалғастыратыны белгілі болды. Басқа командалар теориялық тұрғыда осы екі ұжымды қуып жете алмайды.

«Ақтөбе»: Самат Отарбаев, Куасси Куаджа, Бобир Давлатов, Егор Сорокин, Сандро Цвейба, Марат Ситдиков, Никита Бочаров, Дидар Жалмұқан, Бағдат Қайыров, Виктор Крюков, Кирилл Шестаков.

«Қайрат»:  Стас Покатилов, Исаэль Барбоза, Анатолий Тимощук, Жарко Маркович, Андрей Аршавин, Гаэль Тавамба, Сесар Арзо, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Ғафуржан Сүйімбаев.

Бірінші таймның басы алматылықтар үшін өте қиын болды. «Ақтөбе» өз алаңында және өз жанкүйерлерінің алдында «Қайратқа» өзінің әдеттегі футболын ойнатпайтынын аңғартты. Алматылықтар алаңға өзінің мықты құрамын шығарды, тек өткен матчпен салыстырғанда, бір ғана өзгеріс болды - Тавамба негізгі құрамда шықты.

Бірінші мүмкіндігін сары-қара түстілер 5-минутта жасай алды. Михаил Бакаев айып алаңында пас алып, соққы жасады - қақпадан сәл биік кетті. Алаң иелері алға белсендірек шыға бастады, бұл статистикада анық аңғарылып тұр. Ұзақ уақыт бойы «Қайраттың» қорғанысы қызыл-ақ түстілердің шабуылдарына тосқауыл қоя білді, бірақ 20-минутта ақтөбеліктер өте қауіпші шабуыл ұйымдастыра алды. Алдымен Давлатов біздің айып алаңымызға еніп, допты қақпа маңына қарай асырды, Жалмұқан секіре түсіп, шабуылды аяқтағысы келген, бірақ допқа жете алмай қалды. Бір-екі минуттан соң Крюков Покатиловпен бірге-бір шықты, бірақ Стас өте сенімді ойнап, қауіптің бетін қайтарып тастады. Артынша Бочаров алыстан соққы жасады, бірақ оған дәлдік жетіспеді.

Алаң иелерінің осындай шабуылдары қайраттықтарға да дем берді. Алматылықтар шабуылға баса назар аударып, бірнеше бұрыштама доп көтерді. Сол бұрыштан әуелеген пастардың бірі Марковичтің орындауында соққымен аяқталды, бірақ, өкінішке қарай, доп маңдайшадан биік кетті. Артынша Исаэл соққы жасап көрді, бірақ алаң иелерінің қақпашысы мықты сейф жасады.

Үзіліс жақындаған сәтті «Қайрат» қарсыластың алаңына үйрене бастады. Ұзақ уақыттық комбинациядан кейін доп Аршавиннің аяғынан табылды. Андрей айып алаңының шетінде тұрса да, соққы жасап көрді - алыс тоғыздыққа дәл жетті - 1:0. Бұл голдан кейін қайраттықтарда тағы бірнеше мүмкіндік болды, бірақ соңғы бес минутты ақтөбеліктер де белсенді өткізді.

Екінші таймның басы ойынның бірінші жартысын еске түсірді. Ақтөбеліктер ойын басталған бойда белсенділікпен танылды, бірақ қонақтар ақырындап қызыл-ақ түстілерді сабасына түсірді. 47-минутта болған шабуылды айта кету керек, Жалмұқанның пасынан кейін Бочаров соққы жасаған, бірақ оған Қуат бөгет болды.

Екінші таймның ортасында Шестаков жойқын соққы жасады, тіпті, доп қақпаға тура бағытталғандай көрінді, бірақ сәл ғана қиыс кеткен екен. Алаң иелері ұйымдастырған ең қауіпті шабуылдардың бірі 72-минутта болды. Кәкімов допты Покатиловтың қолынан тартып алды да, соққы жасауға тырысты, бірақ оған Арзо бөгет болды.

«Қайраттың» бапкерлік штабы ойынға өзгеріс енгізуді жөн деп тапқан, Гоу мен Дарабаев сары-қара түстілердің шабуылына дем беру үшін шықты. Қонақтар комбинация жасай алғанымен, соққыларды жиі жасай алмады, ақтөбеліктердің қорғанысы осы маусымдағы ең үздік матчтарының бірін өткізген шығар.

Соңғы онминуттықта Гоу мен Исаэль қарсыластың жарты алаңында мүмкіндікке ие болған, бірақ қақпаға жақындай алмады.

Осылайша, «Қайрат» маңызды жеңіске қол жеткізіп, алтын медаль үшін таласын жалғастырады - 1:0. Айта кетейік, соңғы турдан кейін алматылықтар  кем дегенде күміс жүлдеге қол жеткізіп қойды. Кахабер Цхададзе шәкірттері келесі ойынын 1 қазанда Алматыда «Ордабасыға» қарсы өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст