Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Екінші алтылық қонақтары

Батысқазақстандық ұжым осы трофей үшін күресті жалғастырып жатқан екінші алтылықтағы жалғыз команда саналады. Алайда, мұнайшылар ұжымын бағаламауға болмайды - бұлар оңай шағылар жаңғақ емес.

«Атырау» - 1978 жылы құрылған қазақстандық футбол клубы. Матчтарын 8690 адам сыятын «Мұнайшы» стадионында өткізеді. Клубтың бұрынғы атаулары: «Прикаспиец», «Ақ Жайық» (бұл атаумен бір жыл ғана ойнады). Лақап аты - «мұнайшылар». Клубтың ресми сайты - rfcatyrau.kz.

Биылғы жылы «Қайрат» ел Кубогын 1/8 финалдан бастады. Алдымен алматылықтар «Орталық» стадионда кеншілерді (4:0) жеңді, ал ширек финалда қонақта Талдықорғанда жеңіске жетті (2:0). Бүгінде сары-қара түстілердің еншісінде - ел Кубогында 7 жеңіс. Бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.

«Атырау» өз жолын «Алтайға» қарсы ойынмен бастады, матч оңайға соққан жоқ, бірақ жеңіспен аяқталды - 1:0. Артынша мұнайшыларды пенальти сериясы күтіп тұрды, мұнда батысқазақстандықтар шымкенттік «Ордабасыны» жеңді. Біздің қонақтарымыз Кубокта үлкен тарихи рөлге ие емес. «Атыраудың» еншісінде 2009 жылы Кубокта жеңісі бар, сондай-ақ, төрт рет (биылғыны қосқанда) жартылай финалға шықты. Сонымен қатар, мұнайшылар Суперкубокқа таласқан, бірақ команда жеңіліп қалды.

Осы маусымда «Атырауда» бірқатар қиындықтар болды, солардың бірі - бапкерлік штабта ауысым. Батысқазақстандықтар биылғы жылды Никитенкомен бастаған, Коньковтың қол астында ойнады, ал қазір оларды Стойчо Младенов жаттықтырады. Бұл маман софиялық ЦСКА сапында жақсы таныс, бұл клубпен бірге Младенов екі рет Болгария чемпионы атанған. Қазір команда қиын кезеңді бастан кешуде - «Атырау» екі ай бойы жеңіске жете алмай келе жатыр.

Екі команда үүшін де бүгінгі матч өте маңызды. «Қайрат» алдына үлкен мақсаттарды қояды, оның ішінде Кубок  та бар. Ал «Атырау» бұл турнирді еурокубокқа берілер жолдама ретінде қарастырады. Қалай болғанда да, жанкүйерлерді қызық матч күтіп тұр. алматылықтар жеңіс үшін бар күштерін салады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст