Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Ермек Қуантаев: «Қайраттың» алдында бір ғана мақсат тұрады – чемпиондық»

Алматылық «Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Ермек Қуантаев өткен маусымның басым бөлігін жарақатына байланысты жіберіп алды. KazFootball.kz тілшісіне берген сұхбатында Ермек көңіл-күйі жайлы, отбасымен демалысы туралы айтып, өткен маусымға бағасын берді:

- Футболды қатты сағынып жүрмін. Өкінішке қарай, жарақатымның кесірінен көп уақытты жіберіп алдым, бірақ осы уақытқа дейін командамен бірге болдым. Жекелей жаттықтым, ем қабылдадым. Көңіл күйім жақсы, жаңа жылға сай (күліп). 

- Жарақаттан кейін физикалық жағдайыңыз қалай? Толығымен жазылдыңыз ба?

- Қазір өзімді жақсы сезінемін, бірақ толық жазылып-жазылмағаным жиын кезінде белілі болады, сол кезде ауыр жұмыстар басталады. Менің жарақатым сондай, қаншалықты дайын екенімді бірден біле қоймаймын. 

- Демалыс қалай өтіп жатыр?

- үйдемін, Қостанайда, отбасыммен. Мен үшін демалыс – жақын адамдарыммен бірге өткізген уақытым. 

- Өткен маусым сіз үшін сәтті бола қойған жоқ. Бірақ оны қалай бағалайсыз?

- Иә, мен үшін маусым сәтсіз болған шығар. Оның алдындағы маусымдармен салыстырғанда гол соқпайтын едім. Артынша жарақаттың кесірінен көп матч жіберіп алдым. Бірақ командадағы әр маусымым – мен үшін үлкен тәжірибе. 

- Чемпионаттың жаңа пішініне қатысты сұрақ: жаңа өзгерістерден соң командалардың ойындары ауыса ма?

- Ойын өзгермейді деп ойлаймын! Басқа командалар алдына қандай мақсат қоятынын білмеймін, бірақ «Қайраттың» алдында бір ғана мақсат тұрады – чемпиондық.

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст