Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Ештеңе шешілген жоқ

Алматылықтар үшін биылғы Кубок ойыны - ерекше. «Қайрат» бүгінгі таңда осы трофейлерді жеңу бойынша рекорд иегері, бірақ биылғы жылы сара-қара түстілер Кубокты өздеріне мәңгілікке алып қала алады. Әрине, финалда жеңу қажет, ол үшін бірінші финалға жолдама алу керек.

«Қайрат»: Стас Покатилов (ГК), Ғафуржан Сүйімбаев, Жарко Маркович, Сесар Арзо, Исламбек Қуат, Михаил Бакаев, Анатолий Тимощук, Андрей Аршавин, Бауыржан Исламхан (К),  Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

«Атырау»: Жасұр Нәрзіқұлов (ГК), Александр Дамчевски, Абдель Ламанж, Гай Стефан Эссаме (К), Вячеслав Шарпар, Александру-Пол Куртеян, Пшемыслав Трытко, Валентин Чуреев, Руслан Эсатов, Алтынбек Сапаров, Максим Федин.

Бірінші тайм жанкүйерлер үшін анау айтарлықтай әсерлі болды деуге келмес. Атыраулықтар бірден алға ұмтылмайтынын көрсетті. Младенов шәкірттері прагматикалық футболдың үлгісін көрсетті - «Қайрат» ойыншылардың шабуыл жасауына мүмкіндік бермеді, бірақ өздері де алға ұмтылған жоқ.

Жапы, бірінші тайм толығымен алаң иелерінің пайдасына жазылды, бірақ допқа иелік ету қашан да нәтиже бере бермейді. Алматылықтар айып алаңына жете алмай жатты, сондықтан алыстан соққы бағыттауға тура келді, бірақ қонақтар сыр бермеді.

Таймның екінші жартысында «Қайрат» «Атыраудың» қорғанысынан саңлау тапты. Мұнайшылар өз жарты алаңында толық құрамы болып қорғанып жатты, тіпті, шабуыл туралы ойламады да. Аршавин мен Исламхан жойқын соққылар жасап көрді. Исаэльдің айып алаңына ене беріп жақын бұрышқа жасаған соққысы Нәрзіқұловтың қолынан табылды.

Үзілістен кейін алматылыққтар тағы да сол қиындықтарға тап болды. «Атырау» өте тығыз ойнауға тырысты, осылайша алаң иелерінің шабуыл шебіндегі футболшыларына еркін көсілуге мүмкіндік бермеді. Ойынның екінші жартысында алматылықтар соққыларды жиі бағыттай бастады. Исаэль айып алаңынан тыс жерден соққы жасады, доп жақын бұрышқа бағытталған, алматылық бразилиялық тепкен доп Нәрзіқұловтың қолынан табылды. Артынша Сүйімбаев қақпаны нысаналады, біраққ доп маңдайшадан биік кетті.

70-минутта ғана «Қайрат» қарсыласының қақпасынан саңлау таба алды. Аршавин қонақтардың айып алаңында Қуатқа пас қалдырды, Исламбек допқа алғашқы жанасуымен-ақ есепті ашты - 1:0.

Осылайша, «Қайрат» бірінші жартылай финалдық матчта жеңіске қол жеткізді. Қарымта кездесу 5 қарашада Атырауда ойналады, ал «Қайрат» келесі матчын 25 қыркүйекте Ақтөбеде өткізеді. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст