Главная » новости » ФК Кайрат 2016 » Команда

Финалдамыз!

«Қайрат» жартылай финалдың қарымта матчында «Атырауды» (3:0) жеңіп, ел Кубогының финалына шықты.

Қазақстан кубогы 1/2 финалының бірінші кездесуі қыркүйектің аяғ жағында өткен болатын, сол матчта қайраттықтар өз жанкүйерлерінің алдында минималды жеңіске қол жеткізген еді. Мұндай нәтиже алаң иелерінің мүмкіндігін сақтаулы күйде қалдырды, бірақ «Қайрат» та мұнайлы қалаға жеңіс үшін ғана келген еді.

«Атырау»: Рамиль Нұрмұхаметов, Абдель Ламанж, Гай Стефан Эссаме, Владимир Аржанов, Вячеслав Шарпар, Александру Пол Куртеян, Алексей Мулдаров, Валентин Чуреев, Руслан Эсатов, Павел Шабалин, Максим Федин

«Қайрат»: Стас Покатилов, Исламбек Қуат, Тимур Рудосельский, Сесар Арзо, Ғафуржан Сүйімбаев, Михаил Бакаев, Анатолий Тимощук, Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу.

Ауа-райы футболсүйер қауымды қуанта алды, Атырауда жылы болып, күн шығып тұрды. Бірақ бір күн бұрын қалада жаңбыр жауып, ауа-райы нөл градусқа жақындаған болатын.

Матч өте белсенді және нәтижелі басталды. Бірінші минутта-ақ Сүйімбаев айып алаңынан тыс жерде соққы бағыттады, доп маңдайшаға тиіп, Нұрмұхаметов қақпасынан табылды - 1:0.

Бірнеше минуттан соң «Қайрат» есепті еселей жаздады. Исламхан қарсыластан айласын асырып, Исаэлге пас қалдырды, бразилиялыққа қорғаушы жақындап қалғандықтан, ол бірден соққы жасай алмай қалды да, доптан айырылып қалды.

«Атырау» футболшылар таймның ортасында ғана өз-өздеріне келе бастады, осы сәтте мұнайшылар допқа көбірек иелік етті. Алаң иелері, тіпті, бірнеше қауіпті соққы да жасады, әсіресе, Аржановтың мүмкіндігін айтуға болады, бірақ оны Покатилов алып шықты.

Өз шабуылдарының бірінде батысқазақстандықтар гол соға алды да, бірақ Куртеян офсайдта болғандықтан, бұл гол есепке алынбады. Ысқырықтан кейін соққы жасағаны үшін «Атыраудың» легионері сары қағаз алды. Таймның аяғына таман атыраулықтар алматылықтардың қақпасын торуылдаумен болды, нәтижесінде Куртеян допты маңдайшаға тигізді.

«Қайрат» жылдам қарымта шабуылымен жауап қатты, оны Исаэль аяқтаған, бірақ бразилиялыққа дәлдік жетіспеді.

Екінші таймның басы шабуылдарға бай болған жоқ. «Атырау» бар күшімен шабуылға ұмтылды, алаң иелеріне жоғалтар ештеңе де болмаған. Екінші таймның орта бөлігінде «Қайрат» өзіне допқа басымдықты қайтарып алды, артынша таблодағы басымдықты да ұлғайтты. Стандарттық шабуылдан соң Аршавин қарсыластың қақпашысына мүмкіндік қалдырған жоқ - 2:0. Осы голдан кейін атыраулықтардың үмітіне су себілгендей болды, енді мұнайшыларға финалға шығу үшін төрт гол соғу қажет болатын.

Атыраулықтар белсенділігін төмендетті, оған қарамастан, бірнеше қауіпті шабуыл жасай алды. Младенов шәкірттерінің барлық шабуылдарын қайраттықтар тоқтатып жатты.

Кездесудің соңғы минуттарында Арешин Гоудың орнына шыққан Тұрысбекке екінші сары қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Сондықтан Бауыржан енді финалдық матчқа қатыса алмайды, ал қайраттықтар ойынды он ойыншымен аяқтады. Алайда футболшысы аз болса да, алматылықтар гол соға алды. Асеведо айып соққысынан қанжығасын майлады - 3:0.

Қазақстан жартылай финалдың қарымта ойынында жеңіске жетіп, қатарынан үшінші Қазақстан кубогының финалына жолдама алды. Бұл матч 19 қарашада өтеді. Қайраттықтардың қарсыласы «Ертіс» пен «Астана» ойынынан кейін белгілі болады. 

Александр Бородюк: «Третий сбор будет другой направленности» Антон Лысяк on 23 января . В интервью пресс-службе клуба Сито рассказал прошедшем сезоне, вспомнил успехи и неудачи минувшего года и поделился своими задачами на сезон наступающий. Rating: 4.5

Автор

текст